
Ахмет Байтұрсынұлы • 06 Қыркүйек, 2024
Елордада «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени кеш өтті
2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып ресми бекітілген еді. Осыған орай жыл сайын әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мәселен, Астана қаласының Жастар театрында Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени-танымдық кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 06 Қыркүйек, 2024
Қазақстан Сербияға шикізаттық емес тауарлардың экспортын арттырады
Сербия астанасы Белградта сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-сербия үкіметаралық комиссиясының III отырысы өтті. Онда ынтымақтастықтың перспективалары мен жаңа бағыттары талқыланды. Қазақстандық тарапты Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қыркүйек, 2024
Президент Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қыркүйек, 2024
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Мемлекет басшысының төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) басқару жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2024
Паралимпиадада Қазақстан намысын қорғаған Севда Әлиева елге оралды
Нысана көздеуден Париж Паралимпиадасында сынға түскен спортшыларды жанкүйер қауым әуежайдан салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 03 Қыркүйек, 2024
«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
Александр Кержаков «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 03 Қыркүйек, 2024
Астанада «Көшпелілер Әлемі» этноауылы ашылады
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәдениет пен салт-дәстүрге арналған іс-шара болмақ. Осы ауқымды іс-шара аясында «Қазанат» ипподромының жанында 10 гектар жерде «Көшпелілер Әлемі» этноауылы ашылады. Онда қазақ халқының тарихына сүңгіп, көшпелі халықтардың өзіндік мәдениетімен таныса алады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қыркүйек, 2024
Президент V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді
Жиында Ұлттық құраманың, спорт кешендердің, қонақ үйлер мен мәдениет орындарының дайындық барысы, сондай-ақ қоғамдық көлік, қауіпсіздік және тазалық мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Сарапшылар биылғы Жолдаудың негізгі басымдықтарын белгіледі
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» алаңында сарапшылармен кездесті. Жиынға жиналғандар Мемлекет басшысының елдің одан әрі орнықты дамуына арналған Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асырудың негізгі басымдықтарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Қыркүйек, 2024
Биыл 82 студент «Қазсушар» филиалдарында тәжірибеден өткен
2024 жылы су шаруашылығы саласының мамандықтары бойынша білім алатын 82 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.