
Үкімет • 06 Сәуір, 2023
Сепаратистік әрекет заңмен жазалануға тиіс
Күні кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар елімізде сепаратизмге жол жоқ екенін айтып, құзырлы органдар өкілдеріне осыған қатысты сұрақтарын қойды. Күн тәртібіне шығарылған заң жобалары қаралып болғаннан кейін сауалдар қарша борады. Әсіресе, Петропавл қаласындағы оқиғаға ерекше назар аударылды.
Пікір • 03 Сәуір, 2023
Су қауіпсіздігі – ұлт қауіпсіздігі
Қазіргі таңда шартарапта су мәселесі ушығып тұр. Әлемнің түкпір-түкпірінде өзендер мен көлдер құрғап, бөгендер мен буғаттар жойылып барады. Бұл проблеманың ушыққаны соншалық, ғалымдар осы бастан қамданбаса, келешекте жер-жаһанды аштық жайлауы мүмкін екенін айтады.
Әлем • 03 Сәуір, 2023
Бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың басы дауға қалды. Оған порноактриса Сторми Дэниэлске өзара қарым-қатынасын жасыру үшін ақша төлеген деп айып тағылып отыр. Осыған байланысты туындаған дау-дамай мұхиттың арғы бетін ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкінтті.
Басылым • 02 Сәуір, 2023
Басқа басылымдардан: Қазақстанда жаңа премьер-министр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңсесі хабарлағандай, Қазақстандағы жетекші партия «Amanat» өткен аптада Әлихан Смайыловты Премьер-министр лауазымына ұсынды.
Үкімет • 31 Наурыз, 2023
Үкіметке жауапты міндет жүктелді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысып, Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды. Депутаттардың көпшілік даусымен Мемлекет басшысының ұсынысы қабылданды.
Парламент • 30 Наурыз, 2023
VIII шақырылым: Мәжілістің алғашқы отырысы
Кеше жаңа сайланған Мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар ант беріп, Палата төрағасы мен оның орынбасарларын сайлап, комитеттердің құрамы мен төрағаларын бекітті, сондай-ақ Мәжіліс регламентіне өзгерістер енгізді.
Пікір • 29 Наурыз, 2023
Шетелдің парламентіне таңғаласың. Қашан көрсең айтыс-тартыс, күн тәртібіне қойылған мәселені ұңғыл-шұңғылына дейін талқылап жатады. Әсіресе, Ұлыбританияның Қауымдастық палатасының отырыстарында талай қызық болады.
Сайлау • 29 Наурыз, 2023
Жаңа жыл кірген тұста басталып, екі жарым айға созылған саяси кезең мәреге жетті. Күні кеше Мәжіліске өткен партиялар кімдерге мандат бұйырғанын хабарлады. Осылайша, жаңа сайланған төменгі Палатаның мүшелері толық анықталды. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл сайлау да, Мәжіліс мүшелері де бұрынғыдан өзгеше сипатта.
Сайлау • 28 Наурыз, 2023
Сайлау қорытындысы: Мәжіліске алты партия өтті
Алғаш рет аралас жүйе арқылы өткен Парламент сайлауы халқымыздың ғана емес, шартараптың назарын аударғаны белгілі. Партиялар да, тұрғындар да саяси доданың қорытынды нәтижесін асыға күтті. Күні кеше еліміздің тағдыршешті кезеңі саналған бәсекенің түпкілікті қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліске қанша партия өтіп, қайсысына қанша мандат берілетінін хабарлады.
Сайлау • 28 Наурыз, 2023
Халықаралық ұйымның бағасы жоғары
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс және мәслихат сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Оуэн Мерфимен кездесті. Кездесу шеңберінде ОСК басшысы шетелдік мейманға шақыруды қабылдағаны және қысқа және ұзақмерзімді байқаушыларды жолдағаны үшін алғысын айтты.