
Әлем • 07 Ақпан, 2022
Камилла келешекте патшайым атанады
Ұлыбритания патшайымы Елизавета ханзада Чарльз патша тағына жайғасқанда оның әйелі Камилла патшайым-консорт титулына ие болғанын қалайтынын мәлімдеді.
Саясат • 03 Ақпан, 2022
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның басы тағы да дауға қалды. Коронавирус пандемиясы кезінде жарияланған локдаунға қарамастан «Даунинг стритте» салтанатты кештер өткізгені үшін оны Тұманды Альбионның тұрғындары ғана емес, партияластары да сынға алды. Тіпті оған сенімсіздік білдіріп, қызметінен кетуді талап еткендер де бар.
Үкімет • 03 Ақпан, 2022
Мақсат – барлық бастаманы сапалы заңдармен қамтамасыз ету
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Мәжіліс Төрағасы күн тәртібіне кіріспес бұрын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан Жаңа Қазақстан құру жолында Парламентке артылар жүк те, жүктелер жауапкершілік те өте зор екенін атап өтті.
Әлем • 01 Ақпан, 2022
Жабық ойдың экономикалық бағасы
НЬЮ-ЙОРК. Осы жыл оңай басталған жоқ. Коронавирус індеті қайта қарқын алды, әлемдік экономика қалпына келе алмай қиналып жатыр. Шығыс Еуропада, Таяу Шығыста, тіпті АҚШ-тың өзінде саяси шиеленіс күшейіп бара жатқандай әсер етеді. Рас, «Омикрон» нұсқасы пандемияның соңғы тұяқ серпуі болады деген үміт бар. Бірақ дағдарыстың экономикалық және саяси салдары қандай болады деген сұрақ күн тәртібінен түскен жоқ.
Әлем • 01 Ақпан, 2022
Американың полярлануының жаһанға әсері
МАДРИД. АҚШ Конгресінде тағы бір қызу пікірталас болды. Бірақ одан ақырында түк нәтиже шықпады. Республикашылдар елдегі дауыс беруге жаңа тыйымға қарсы тұратын заң жобасын тоқтату мақсатында «филибастер» (заң жобасын қабылдатпау үшін талқылауды ұзаққа созу тәсілі – А.А.) пайдаланды. Демократтар заң жобасын қабылдау үшін «филибастерді» өзгерте алмады. Бұл оқиға Америка саясатындағы дағдарысты, полярлануды, биліктің әлсіреуін көрсетеді. Сондай-ақ қарашада өтетін Конргестегі аралық сайлауды өзгертетіні сөзсіз. Бұл жағдай әлемді де алаңдатуы тиіс.
Ғылым • 31 Қаңтар, 2022
NASA мұхиттардың аз зерттелген, құпияға толы тереңдіктерін зерттеуді қолға алмақ. Дүниежүзілік мұхит жер бетінің 70 пайыздан астамын алып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, теңіз суларының 80 пайызы зерттелмеген.
Әлем • 31 Қаңтар, 2022
Сенбіде Канаданың астанасы Оттавада мыңдаған адам премьер-министр Джастин Трюдоның коронавирусқа қарсы вакцинаны міндеттеуіне қарсылық танытып көшеге шықты, парламент алдында бейбіт наразылық акциясын өткізді.
Әлем • 31 Қаңтар, 2022
Италия президенті қайта сайланды
Серджо Маттарелла Италияның президенті болып қайта сайланды. Апеннин түбегіндегі елде басқарушы коалициядағы келіспеушіліктерге қарамастан, мемлекет басшысы тараптардың қолдауын иеленді.
Әлем • 27 Қаңтар, 2022
Газ бен атом қуатын «жасыл энергия» қатарына қосуға бола ма?
Еуропаны атом энергиясының елесі кезіп жүр. Таяуда Еуропалық комиссия газдың кей түрі мен атом энергиясын «жасыл энергия» деп бекіту туралы ұсыныс жасады. Алайда бұл бастамаға Германия қарсы шығып отыр.
Үкімет • 27 Қаңтар, 2022
Жазықсыз жандар жауапқа тартылмасын
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік қағидаларына қатысты құжатты мақұлдады.