
Саясат • 17 Ақпан, 2022
Еуропалық одақ Африкаға алаңдайды
Кейінгі уақытта Африка халқын қолдау мәселесі өзекті болып тұр. Бұған дейін Қытай «қара құрлықтың» тұрғындарына қомақты қаражат беріп келсе, енді бұл іске Еуропалық одақ бел шешіп іске кіріспек. Осыған байланысты Брюссельде Африкалық одақ пен Еуропалық одақ мемлекеттері басшылары бас қосып жатыр. Бірнеше күнге созылған келіссөздер нәтижесінде, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылуға тиіс.
Үкімет • 17 Ақпан, 2022
Шетел асқан қаражат қалай қайтарылады?
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды. Құжатты талқылау барысында депуттаттар шетелге заңсыз кеткен капиталды елге қайтару бойынша мәселе көтерген еді.
Қоғам • 15 Ақпан, 2022
«Қазпоштаның» басқалардан несі кем?!
Адамзат өркениеті қалыптасқалы бері бірге келе жатқан қызметтердің бірі – хат-хабар алмасу. Заманауи тілмен айтсақ, пошта қызметі. Бұрынғы дәуірде мұның маңызы орасан болатын. Алайда қазіргі таңда интернет қарыштап дамығандықтан аталған сала үлкен қиындыққа тап келді.
Әлем • 15 Ақпан, 2022
Батыс Украина шындығын қабылдауы қажет
ЧИКАГО. Ресей қарулы күштерін Украина шекарасына жақын жерге орналастыруы жаңа соғыс қаупін тудырды. Бірақ дүрбелең бүгін басталған жоқ. Сондай-ақ Ресейдің мақсаты да жаңа емес. Жылдар бойы Украинаны Мәскеуге оң қабақ танытқан саясаткерлер жанама басқарып келді. Сондықтан 2014 жылғы Кремль бастаған шабуыл қайталанбас үшін Украина өзін НАТО-ның қорғағанын қалайды. Бірақ президент Владимир Путин НАТО-дан Ресеймен шектесетін кез келген Шығыс Еуропа елдеріне (қазіргі таңда НАТО-ның бес мүшесімен шекаралас) қарай шекарасын кеңейтпеуге уәде беруді талап етіп отыр.
Әлем • 15 Ақпан, 2022
Еуропа Африканың серіктесіне айналуға тиіс
БРЮССЕЛЬ. Коронавирус пандемиясына байланысты бірнеше рет кейінге шегерілген Еуропалық одақ пен Африкалық одақ саммиті осы айда (17-18 ақпан) Брюссельде өтеді. Осылайша, Еуропа және Африка елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 2017 жылдан кейін алғаш рет жиналмақ. Еуропалық одақтың мақсаты – Африканың таңдаулы серіктесі болу. Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Лейен бастап екі жыл бұрын Африкалық одақтың Аддис-Абебадағы штаб-пәтеріне алғашқы сапарға барғанымызда осындай мақсат қойған едік.
Әлем • 14 Ақпан, 2022
Балаларды соғысқа тарту тыйылмай тұр
Кейінгі 20 жылда әскер және үкіметтік емес қарулы күштерден 170 мыңнан астам бала босатылды.
Әлем • 14 Ақпан, 2022
АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин сенбіде телефон арқылы бір сағаттан астам уақыт сөйлесті. Сарапшылардың айтуынша, бұл Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы соңғы әрекет болуы мүмкін.
Әлем • 14 Ақпан, 2022
Түрікменстанда президент ауысады
Түрікменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясы кезекті президенттік сайлауға дайындалуға кірісті.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2022
Жаңа құрылым Мәжіліс жұмысына серпін бере ме?
Елордада Мәжіліс құрамында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының құрылуына орай баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Ғазиз Құлахметов, Наталья Дементьева және Берік Дүйсенбинов топтың құрылуы, себебі оның шарты туралы әңгімелеп берді.
Үкімет • 10 Ақпан, 2022
Заң бұзған полицей қалай жазаланады?
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында құқық қорғау саласына қатысты заң жобасы талқыланды. Жиын барысында депутаттар қаңтар оқиғасына қатысты деген желеумен ұсталғандарды күштік құрылымдар ұрып-соғып, азаптап жатқанына алаңдаушылық білдірді.