
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Алматыда «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта - 2019» халықаралық конгресі өтеді
Осы апта, яғни 3 қазанда Алматыда VI Халықаралық «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта - 2019» конгресі (ОАГА) өз жұмысын бастайды. Іс-шараны ұйымдастыруға Денсаулық сақтау министрлігі, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Бауырды зерттеу бойынша Қазақ қауымдастығы, Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы мұрындық болып отыр.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019
«Ковчег» балалар үйі қар барысымен танысты
«Шин-Лайн» компаниясы талғарлық «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Қызыл кітапқа енген, Қазақстанның символы саналатын барысын зерттеуге маманданған қазақстандық ғалыммен танымдық кездесу ұйымдастырды. Балалар үшін бұл кездесу кездейсоқ емес. Өйткені, аты аңызға айналған қар барысы Талғар тауларын мекендейді.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019
Қыздар университеті балаларды ұлттық ойындарға баулиды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Аулаға асығыңыз!» атты әлеуметтік жоба бастау алды.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019
Иордания ханшайымы Дина Майред Қазақстанға келеді
Алдағы 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hilton Expo Hotel» мен «Expo Астана» Конгресс орталығында Онкологиядағы Бүкіләлімдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2019
Меценат мектепті жөндеп, ауылына су тартып берді
Кейде журналистерді күтпеген сапарлар шақырады. Әріптестеріміздің қолқалауымен аяқ астынан еліміздегі әйгілі үш мектептің бірі – Жетісу өңіріндегі Мамания мектебін көреміз деп кім ойлаған. Қазақ даласында бой көтерген алғашқы Жәңгір хан, Ыбырай Алтынсарин мектептерінен кейін іргетасы қаланған, Жетісудың атақты байы Маман бидің балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар 1899 жылы ұйымдастырып, 1903-1904 жылдары салып бітірген тарихи оқу ордасынан осылайша табылғанымыз бар. Бұл мектептің құрылыс жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы «Ғалия» медресесінің тәжірибесіне негізделгені аян.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019
Соңғы кезде атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көзқарастары қабыспайтын тараптардың пайда болғанын байқап отырмыз. Халықтың әлеуметтік масылдығы туралы да, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы да екіұдай ой, түрлі пайым бар.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019
ХҚО мамандары ыммен қызмет көрсетеді
Биыл 1300-ден астам ХҚО маманы қазақша ишарат тілі курсынан өткен. Жыл сайын 23 қыркүйек – Халықаралық ым тілдері күні ретінде атап өтіледі. БҰҰ осынау арнайы датаны 2017 жылы белгілеген болатын.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Ұлттық ұлан мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге көшті
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Ұлттық ұлан әскерінде де мемлекеттік тілді дамыту, жаңа әліпби негізінде оны оқып-үйренуге жағдай туғызу ерекше назарға алынған. Бұл тұрғыдағы шаралар биыл Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының қатысуымен сәуір айында Нұрсұлтан қаласында Ұлттық ұландағы мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандармен үлкен оқу-әдістемелік жиыннан бастау алған-ды.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Алматы технологиялық университеті атауы мен таңбасын өзгертті
Алматы технологиялық университеті мұнан былай «Almaty Technological university» деп аталатын болды. Бұл туралы университетте БАҚ өкілдері үшін өткен Медиа күнінде мәлімдеді. Университет өзінің ребрендинг жасауын – білім беру нарығында табысты болуға ұмтылу, бәсекеге бейімделу және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестікті дамытуға жасалған қадам деп түсіндіреді.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2019
ВТБ Банкі капиталды жеңілдікпен қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасына қатысады
Операторы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын Baiterek Venture Fund АҚ-ның бұл бағдарламасы кәсіпкерліктің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.