Taza.kz
Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
228 материал табылды

Жастар • 13 Маусым, 2026

Жастарды жігерлендіретін шаһар

Фестивальдар шаһарына айналып келе жатқан Алматыда жастардың белсенділігі жоғары. Бүгінде қалада олардың бастамаларын қолдайтын 11 комьюнити орталық жұмыс істейді. 25 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, ғылыммен айналысатын жастарға 348 млн теңге көлемінде гранттық қолдау көрсетілген.

Өнер • 11 Маусым, 2026

Крайовадағы қазақша қойылым

Еліміздегі ең көне өнер ордасының бірі – Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Румынияның Крайова қаласында өткен халықаралық «The Craiova International Shakespeare Festival» фестивалінде ересектерге арналған «Ромео мен Джульетта» спектаклін шетелде алғаш рет ана тілімізде сахналап, еуропалық көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Алматы • 10 Маусым, 2026

Хайуанаттар бағының «қуанышы»

Алматы хайуанаттар бағының жануарлары төлдеп жатыр. Жыл басында Амур жолбарысы тапқан таутандарға алматылықтардың өзі жабылып ат қойған. Содан көп ұзамай үш бірдей кенгурудың төлі дүниеге келген еді. Енді, міне, хайуа­наттар бағының аққол гиббондары мен сақиналы құйрықты лемурлары балалады.

Талбесік • 05 Маусым, 2026

Алматыда сирек өсімдіктер қоры жасалады

Алматының Ботаникалық бағы бұған дейін де кез келген жерден кездесе бермейтін сирек өсімдіктерге бай болатын. Алайда бақты қайта жаңарту жұмыстары оның тынысын ашып, бүгінде тұрғындар мен қала қонақтары жиі келетін тыныштық пен табиғат мекеніне айналып келеді.

Аймақтар • 02 Маусым, 2026

Замана бұлбұлы Бағланова тұрған үйге суреті салынды

Алматыда қаланың сәнін асырған әдемі мұралдар жеткілікті болса да, замана бұлбұлы, қайталанбас дарын, КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мұрал мегаполиске ерекше әр беріп тұр.

Қоғам • 16 Сәуір, 2026

Тұрғын үй кезегіндегі түйткіл реттеліп келеді

Бүгінде елімізде үкіметтік бағдарламалар арқылы үй алудан үмітті азаматтарды есепке алудың бірыңғай да ашық жүйесі құрылып жатыр. Алайда осы мәселеде мемлекеттің бас­ты операторы – «Отбасы банк» кейбір отандастарымызды тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартып отыр. Неге?

Театр • 15 Сәуір, 2026

Халық қошеметіне бөленген қойылым

Қасиетті Ертіс-Баян өңірінің рухани ордасы іспетті Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының биылғы гастрольдік сапары Талдықорған өңірінен бастау алған еді. Осы өнер сапары 8-10 сәуір күндері Алматы қаласында жалғасты.

Туризм • 07 Сәуір, 2026

Саяхат табысын еселеуге не кедергі?

Мемлекеттік саясатқа арқа сүйеп, туризмді ілгерілетіп отырған мекемелердің жұмысы нәтижесіз демесек те, саланың ІЖӨ-дегі үлесін еселеуге, яғни қазіргі 3%-дан 6%-ға дейін жеткізуге не кедергі? Аталған саладан толымды табыс түсіруде тағы қандай қиындық бар?

Медицина • 03 Сәуір, 2026

Травматология және ортопедия орталығы құрылады

Айтып келмейтін апаттар мен түрлі жол-көлік оқиғалары озық технологиялармен жабдықталған медициналық орталықтардың қажеттілігін арттырып отыр. Осы орайда Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухана базасында өңірлік Травматология және ортопедия орталығын құру жоспарланды.

Көрме • 03 Сәуір, 2026

Жартастарға жазылған тарих

Кеше Алматыда мыңжылдықтардың тұмары іспетті «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрме тұ­сауын кесті. Қай тұрғыдан қарасақ та, бұл бастаманың ұлт жады мен шежіре үшін салмағы саф алтынға пара-пар. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда: «Қазақстан – петроглифтер отаны», дегенді текке айтқан жоқ.

Яндекс.Метрика