
Сұхбат • Бүгін, 08:25
Қарт тарихтың куәсі, талайғы Тараз қаласы кейінгі бірнеше жылдың бедерінде тотыдай таранып, түрлене түсті. Биыл іргедегі Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен қала аумағына қосылып, Таразда тұратын тұрғындар саны жарты миллионға жуықтады. Нәтижесінде облыс орталығында «Әулиеата», «Жібек жолы» аудандары құрылды. Дамудың жаңа сатысына қадам басқан Тараз қаласында атқарылған жұмыс аз емес. Осы орайда шаһар басшысы Бақытжан ОРЫНБЕКОВ Тараз қаласында іске асырылған ілкімді істер мен алдағы уақытта атқарылатын межелі міндеттер туралы айтып берді.
Еңбек • Кеше
Еңбек адамына құрмет толастамайды
Жұмысшы мамандықтары жылына қатысты Президент тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында түрлі іс-шара өткізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы билік өкілдері еңбек адамына құрмет көрсетуге барынша басымдық беріп отыр.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Ол үшін Қаратаудың сайын даласынан асқан жер жоқ еді. Туған жердің саф ауасымен мәңгі тыныстады. Ауылын айрықша қадір тұтқаннан болар, Астана аспады, алысқа қашпады.
Талбесік • 26 Тамыз, 2025
Асқақ Алатаудың саф ауасы биікке көтерілген сайын жан сарайыңды ашады. Жасыл кілемдей жайқалған байтақтың көз жауын алатын пейзаж жаныңа ғажап күй сыйлайтыны анық.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Тәуелсіздіктің елең-алаңында тараздықтар орталықтағы сиқы қашқан Тұрар Рысқұлов атындағы саябақ уақыт өте келе адам танымастай өзгереді деп ойламаған болар. Биік ағаштар әудем жерден көзге түскенімен, қоршауы жоқ болған соң, бұл саябақ қожасы жоқ мекендей көзге қораш көрінетін. Қаланың қақ ортасында орналасқан саябақты кім қамқорлығына алып, демалыс орнына айналдыратыны да белгісіз еді.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Өткізу пункттеріндегі жұмысты тексерді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына арнайы келіп, Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын зерделеді.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Баспанамен қамту – басты назарда
Тараз қаласында халық саны жыл өткен сайын артып келеді. Халықтың көбейгені жергілікті атқарушы билік өкілдеріне зор жауапкершілік жүктейтіні анық. Мұндайда қала әкімдігі әлеуметтік мәселелерге, соның ішінде тұрғындарды баспанамен қамту жайына баса назар аударады.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Шаруалардың еңбегі еш кеткені ме?
Жаз мезгілі жетсе, диқандар даурығып жатады. Өткен жылы өңірде қант қызылшасына қатысты мәселе өршісе, биыл диқандар алқапқа еккен қарбызын сата алмай шырылдады. Шүмектеп төккен тері өтелмеген соң шаруалар қынжылмағанда кім күйінеді? Еткен еңбек еш кеткеніне өкінген олар қамығып отыр.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Тараз қаласында кейінгі жылдары ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс орталығының маңындағы Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен енші алып шығып, қала аумағына қосылды. Нәтижесінде, Тараз қаласында «Жібек жолы», «Әулиеата» аудандары құрылды. Бұл өз кезегінде шаһардағы жұмысты дер кезінде жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Өйткені шағын аудандардағы біршама мәселе алдымен екі аудандағы әкімдікте зерделенеді.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Осы жылы ел аумағындағы барлық балабақша ваучерлық қаржыландыру жүйесімен қамтылады. Ата-аналардың ыңғайына орайластырылған жаңа бастама жыл бұрын Таразда қанатқақты жоба ретінде іске қосылған болатын. Баланы үйде отырып-ақ кезекке қоюға мүмкіндік беретін жоба тараздықтардың көңілінен шыққан сыңайлы. Өйткені ата-ана бала үшін бөлінген қаражатты жүйе негізінде қадағалай алады. Бұл – олар үшін тиімді.