Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
201 материал табылды

Энергетика • 23 Желтоқсан, 2025

Жаңғырмалы энергия үлесі көңіл көншітеді

Кейінгі ширек ғасырдың бедерінде әлем елдері жаңғырмалы энергия көздерін дамытуға басымдық беріп отырғаны белгілі. Ғалымдар жыл өткен сайын «жасыл энергияға» деген тәуелділік арта түсетінін нақты деректермен де дәйектеп берді. Олар келтірген дерекке сенсек, енді жиырма жылдан соң әлемдегі «жасыл энергияның» үлес салмағы 35 пайызға жетуге тиіс.

Спорт • 23 Желтоқсан, 2025

Алматылық командалар топ жарды

Шерхан Мұртаза атын­дағы Тараз университеті мен «Ауыл» партиясының ұйытқы болуымен волейболды отырып ойнаудан ел чемпионаты өтті. Тараз төрінде алғаш рет ұйымдастырылған додаға еліміздің әр қиырынан 6 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.

Мәселе • 18 Желтоқсан, 2025

«Қаралма» тағдыры қашан шешіледі?

Көне Тараз өңірінде күн тәртібінен түспей, түпкілікті шешімін таппай келе жатқан күлбілтелі мәселенің бірі – «Қаралма» тау-шаңғы кешені. Кезінде «Жамбылдың өз Шымбұлағы болады, «Қаралма» тау-шаңғы кешені салынады, жұрт осы жаққа ағылады», деп ұрандатып еді. Жыл бұрын облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек те «Қаралмаға» қатысты сүйінші хабар жеткізген. Алайда сол кездегі сүйініш қазір күйінішке айналып кеткендей. Өйткені сөз бен істе үйлесім жоқ. 

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2025

Көп мақтаған көпірдің халі мүшкіл

Өткен жылдың бел ортасында «Аса жұрты аңсаған аспалы көпір салынды» деп жергілікті билік те, тілшілер қауымы да алаулатып, жалаулатып еді. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы барып көрген аспалы көпірдің жыл өткен соң халі мүшкіл болады деп кім ойлаған? Қомақты қаражат жұмсалған нысанның қазіргі жағдайы жан ауыртып тұр.

Руханият • 06 Желтоқсан, 2025

«Мен еліктеп өстім, аға, өзіңе»

Адам көңіліндегі дақ түспеген, кірлемеген кіршіксіз сезімнің орны қай кезде де бөлек екеніне ешкім таласа қоймас. Құлындай құлдыраңдап шапқылап жүрген уақытта ағаға деген құрметті аңғара бермейтініміз ақиқат қой. Самайын ақ қырау шалған кезде ғана Алатаудай биік ағалардың қадір-қасиетін біліп, кісілік келбетін түсінеміз. Бәлкім, жолы бөлек, жөні ерек сол ағалардың бойындағы бекзаттықты, адами қасиеттерді бағалауға зымырандай зулаған жылдар жылыс­тап өтуі қажет болар. Кім білсін?

Энергетика • 05 Желтоқсан, 2025

Күн көзінен энергия өндіріп отыр

Жаһан жұрты жаңартылған энергия көздерін дамыту мәселесіне айрықша ден қойып отырғаны мәлім. Ғалымдар келтірген дерекке жүгінсек, ширек ғасырдан соң төрткүл дүние елдері энергетикалық теңгерімдегі жаңартылған энергия көздерінің үлес салмағын 35%-ға жеткізуі бек мүмкін. Жамбылдық атқамінерлер де жасыл энергияға деген тәуелділік түптің түбінде үстемдік құратынын әуелден сезген секілді. Кейінгі он жылдың бедерінде бұл бағытта өңірде ілкімді жұмыс қолға алынып жатыр.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025

Батыр мұрасы насихатталды

Кеңес одағының батыры, жауын­гер жазушы, түгел қазақтың мақта­нышына айналған Бауыржан Момыш­ұлының туғанына биыл 115 жыл­ толып отыр. Осыған орай Таразда «Бауыржан Момышұлы мұралары: тарих пен таным» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Экономика • 03 Желтоқсан, 2025

Натрий цианид өндіретін кәсіпорын

Жамбыл өңірі ондаған жылдан бері химия өнеркәсібінің локомотиві екені баршаға мәлім. Елімізде натрий цианидін өндіретін алғашқы зауыт облыс аумағындағы Талас ауданында бой көтерді. 2023 жылы «Talas Investment» ЖШС шет мемлекеттерден тасымалданатын шикізатқа деген тәуелділікті түбірімен жойды.

Қоғам • 26 Қараша, 2025

Әріптес әкімнің жүйелі жұмысы

2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілгелі бері өңірде ашық сайлауға түскен кандидаттардың саны артты. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қолға алынған сайлау жүйесі жұрттың көңілінен шыққаны анық. Ал халықтың қолдауымен әкім болғандар сенімді ақтап жүр ме?

Қоғам • 25 Қараша, 2025

Зағип жандарға көмектеседі

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уақыт сұранысына сай ізденісіне, рухани тұрғыдан кемелденуіне қолдан келгенше жұмыс істейді. Өңірде 1 облыстық арнайы кітапхана, 9 ауданда көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімшелер бар.

Яндекс.Метрика