
Сұхбат • 21 Қазан, 2021
Қайрат Келімбетов: Мемлекет мәселені естиді, көреді және шешеді
Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық жобаларды енгізу керектігін айтқан болатын. Содан бері Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып, мемлекеттік органдар өз саласы бойынша тиісті Ұлттық жобаларды дайындады. 2021 жылдың 13 қазанында Мемлекет басшысы ұлттық жобалар тізімін бекітті. Жаңадан дайындалған Ұлттық жобалармен толығырақ танысу үшін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасы Қайрат Келімбетовты сөзге тартқан едік.
Бокс • 21 Қазан, 2021
Жапония астанасы Токио қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарынан жанарымен жер шұқып қайтқан боксшыларымызды жанкүйерлер жерден алып жерге салғаны белгілі. Нәтижесінде бас бапкер ауысты. Екі қола жүлдемен еңсесі түсіп қайтқан былғары қолғап шеберлері үшін Сербия астанасы Белград қаласында жалауы желбірейтін әлем чемпионаты жаңа мүмкіндік сыйлап отыр.
Мәдениет • 21 Қыркүйек, 2021
Динара Каиргожа өнердегі өзгеше жобалары туралы айтты
Қазақстандық өнер иесі Динара Бисенова шығармашылық ортада Динара Каиргожа есімімен кеңінен танымал. Оны қазақстандықтар, әсіресе музыкасүйер қауым әнші, композитор, продюсер, вокал педагогы ретінде таниды.