
Өнер • 06 Ақпан, 2024
Қазір ғой, цирк деген сөзді естіген жұрт өнердің бәсін түсіріп жатқандай көрінеді. Ізденістің ізіне түскен цирк әртістерінің түрлі трюктері мен эксцентрикаға негізделген нөмірлері қалтарыста қалып барады. Расында да цирк қазір балалардың көңілін көтеретін өнер деңгейінде қалып қойған секілді. Үлкендер бұл өнерге аса мән бермейді. Бұған енді коммерциялық бағытты ұстанған кезбе цирк ұжымдарының да әсер еткені анық.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2024
Жуалыдағы жол апаты: 26 автокөлік соқтығысқан
Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран Жуалы ауданында жиі болады. Содан болса керек, жұрт арасында «Жамбылдың қысын көргің келсе, Жуалыға бар» деген сөз жиі айтылады. Үш ай қыстың жартысында «күре жол жабылды» деген хабарлама толассыз келіп жатса да, жұрт жолға шығуын тоқтатар емес. Ескертуге құлақ аспаудың салдары көбіне-көп жол-көлік оқиғасына алып келеді.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 19 адам зардап шекті
Күн райының күрт нашарлауы салдарынан Жуалы ауданында ірі жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024
Облыс орталығы Тараз қаласы мен аудандардағы елді мекендердің бірқатар көшесінің бүлінген жолдарын жөндеу жұмыстары кейінгі уақытта қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Жергілікті халықтың талап-тілегіне құлақ асқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің өзі бұл мәселені жеке бақылауына алған еді.
Құқық • 29 Қаңтар, 2024
Алаяқтықтың алуан түрін меңгергендер айылын жияр емес. Аңқау ағайынның қолындағы барын қағып, қалтасына салып кетіп жатқандарды құзырлы органдар құрыққа түсірсе де, қаржылық пирамиданың қитұрқы қағидаттарын мықтап меңгергендер қарапайым халықты сазға отырғызуын жалғастырып келеді.
Экономика • 26 Қаңтар, 2024
28 ірі жоба: Нәтижесін уақыт көрсетеді
Жамбыл өңірінің экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында біршама жұмыс атқарылып жатыр. 2023 жылдың қыркүйек айында өңір тізгінін қолға алған Ербол Қарашөкеев бірнеше айдың бедерінде шетелдік әлеуетті инвесторлармен кездесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жолдарын пысықтады.
Университет • 24 Қаңтар, 2024
Менделеев университетінің өкілдігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік беделді жоғары оқу орындарының өкілдігін ашу туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Д.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің өкілдігі ашылып, ғылыми әріптестіктің іргетасы қаланды.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024
Жапония мемлекетінің «Шөп тамыры» жобасының шарапатын көрген отандық медициналық нысандар аз емес. Қайтарымсыз грантты еліміздің әр қиырындағы ауруханалар жылдар бойы алып жүр. Жоба аясындағы әріптестік Жамбыл жерінде де жалғасын тапты.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2024
Жаңарған техника паркі: Тозығы жеткен трактор да жоқ емес
Бірнеше жыл бойы асыраушы саланың басты мәселесі тозған техникадан құтылу болғаны жасырын емес. Шыны керек, қайбір жылдары егістік алқаптарға көз жүгірткенде, тозығы жеткен техникалардан көз сүрінетін. Қазіргі кезде өңірлердегі ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары да осы бір өзекті мәселені шешу үшін қолдан келгенше жұмыс атқарып жатыр.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Жамбыл облысында ауыз судың азабын тартып отырған ауылдар әлі де баршылық. Таза суға жетуді армандаған елді мекен тұрғындары журналистерге мұңын шағудан жалығар емес. Олар бізге жиі хабарласады. Шалғайдағы ауылдарда тұратын ағайынның арзуын тыңдап, бірнеше рет мақала жазғанбыз.