Коронавирус • 20 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Елордада ұжымдық иммунитетті дамыту үшін 600 мыңнан астам адамды вакциналау жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн брифинг барысында қала тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау науқаны қалай жүргізіліп жатқаны туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды
Түнгі жарысқұмарлар Алматының қақ ортасында ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 20 Сәуір, 2021
«Хан моласы» қазба орнында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр
Музей-қорық археологтары «Хан моласы» қазбасындағы ерекше қабірхананы топырақтан ашу бойынша зерттеу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Сәуір, 2021
2021 жылдың басынан бері, республика көлемінде мониторингтік топтар тарапынан 65 мың рейд жүргізілді, 400 мыңнан аса объекті қамтылды, оның аясында 12 мың бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Елорданың кәсіпкерлік субъектілері 35 млн теңгеден астам айыппұл төледі
Елорданың кәсіпкерлік субъектілеріне шектеу шараларын бұзғаны үшін 40 млн теңгеден астам сомаға 200-ден аса айыппұл салынды. Бұл — осы жылдың басынан 16 сәуірге дейінгі аралау барысында қолданылған шара. Мұндай жазаға қарамастан біраз мекеме жұртшылыққа қауіп төндіріп, карантин шараларын бұзуды әлі де жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясы өтті
Нұр-Сұлтанда автокөліктегі өрттердің көбеюіне байланысты құтқарушылар төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Сәуір, 2021
Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 19 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.иыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыруАуқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.Үшінші. Ағаш отырғызуЭкологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.Төртінші. Жол жұмыстарыҚалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.