Қоғам • 25 Тамыз, 2020
2,3 миллионнан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
25 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 589 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 380,2 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 372 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
"Білім-инновация" лицейлері мақтааралдық оқушыларға 110 планшет сыйға тартты
Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың ауыртпашылығын бүкіл ел бірлесе көтерісіп жатыр. Күні кеше "Білім-Инновация" лицейлерінің ата-аналары мен түлектері "Біз біргеміз" акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті мақтааралдық оқушыларға сыйға тартты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Тамыз, 2020
2021 жылы даму бюджетінің көлемі 900 млрд теңге сомасында жоспарланған
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралды. Отырыс барысында Қаржы министрі Е. Жамаубаев жобаның негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Тамыз, 2020
Қазақстанда биыл 18 млн тонна астық жинау жоспарланған
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
"Nur Otan" праймеризін өткізу кезінде санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталады
"Nur Otan" праймеризін өткізу кезіндегі арнайы санитарлық-эпидемиялық талаптар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер А.Есмағамбетовамен бірге бекітілді. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Тамыз, 2020
Әлемдегі ең танымал комикс-романдардың бірі қазақ тіліне аударылды
Жетпіске жуық тілге аударылған, балаларға арналған ең атақты комикс-романдардың бірі "Тентек балақайдың күнделігі" ("Wimpy Kid") қазақ тілінде жарық көрді. АҚШ жазушысы, суретші Жефф Кинни жазған бұл кітапты қазақстандық "Steppe & WORLD Publishing" баспасы шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Тамыз, 2020
ЖІӨ нақты өсімі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болжануда — министрлік
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, "ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы", "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңдарының жобалары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 25 Тамыз, 2020
Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Қызылорда облысында жыл соңына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады
Сыр елінде жыл аяғына дейін тағы 3 өндіріс орны ашылып, 370-ке жуық маман жұмыс орнын табады. Индустрияландыру жобасы аясында іске асатын өндіріс ошақтарының 2-уі ауданда, 1-і Қызылорда қаласында жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.