Қазақстан • 25 Сәуір, 2019
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 25 сәуір күні Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың батысында ғана ашық күн райы болжанады. Жекелеген аймақтарда тұман мен екпінді жел сақталады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Сайлау • 25 Сәуір, 2019
Бүгін «Ауыл» партиясы өз кандидатын жариялайды
2019 жылдың 25 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 25 Сәуір, 2019
Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 24 Сәуір, 2019
Қ. Серікұлы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Сәуір, 2019
Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасының басшысы болып тағайындалды
Белгілі тележүргізуші Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасына басшы болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Саясат • 24 Сәуір, 2019
Асқар Жұмағалиев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Клиннермен кездесу өткізді. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 24 Сәуір, 2019
Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Бұдан былай бұл қызметті Қайрат Әскербекұлы Досаев атқаратын болады. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов шаһардың жаңа басшысын қала активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 23 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінің жұмысына қатысты
Съезде Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып, ол қолдау тапты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 23 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке кандидат ретінде құжаттарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиісті құжаттарын тапсырды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 23 Сәуір, 2019
2019 жылғы 25 сәуірде Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.