Саясат • 26 Сәуір, 2019
Д. Назарбаева: Біздің мақсатымыз – азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты мазмұнмен байыту және жергілікті өзін-өзі басқаруды толыққанды жұмыспен қамтамасыз ету. Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде астана мәслихаты депутаттарының алдына осындай міндеттер қойды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 26 Сәуір, 2019
Асқар Мамин: Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілуі тиіс
Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылап, биыл 23 наурызда өңірге жұмыс сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды ескере отырып, қала құрылысын жалғастырудың кешенді мәселелерін қарады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 26 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты
Мемлекет басшысына нысанның құрылыс барысы таныстырылып, кешеннің алдағы жұмыс бағыты жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2019
Қызылорда облыстық соты «QR-code» жүйесін іске қосты
Қызылорда облыстық соты өңірдегі сот органдарының қызметтері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін «QR-code» жүйесін іске қосты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 26 Сәуір, 2019
Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында депутаттардың аймақтарға сапары туралы мәселе қаралды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2019
Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты 2019 жылға арналған Рамазан айының ораза және намаз кестесін жариялады.
Тағайындау • 26 Сәуір, 2019
Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен, Бас прокурордың бұйрығымен Бауыржан Мырзакеров Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды.
Спорт • 26 Сәуір, 2019
Қызылордалық боксшы Азия чемпионатында финалға шықты
Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қызылордалық боксшы Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын 20 секундта ұтып, финалға шықты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2019
Қызылорда қаласында 2 күнде 507 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. 23-25 сәуір күндері қала аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 26 Сәуір, 2019
«Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі тағайындалды
Белгілі қазақстандық режиссер Есләм Нұртазин Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына қарасты «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.