Руханият • 19 Сәуір, 2019
«Астана Опера» балет труппасы Мәскеуді тәнті етті
«Астана Опера» балет труппасы Мәскеудегі Кремль Сарайы сахнасында орасан зор жетістікпен өнер көрсетті. Ресейлік көрермен қазақстандық әртістердің шеберлігін, сонымен қатар Н.Римский-Корсаков музыкасына М.Фокиннің хореографиясындағы атақты «Шехеразада» балетінің шынайы шығыс нақышын лайықты деңгейде бағалады. Елордалық театрдың репертуарына осынау балет «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың бастамасымен енген болатын. Труппаның өнер көрсетуі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2019
Биыл Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар 873 шақырым автожол жөнделеді
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Ұлан Әліпов Аякөз қаласында (ШҚО) «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катон Қарағай – Рахман қайнарлары», «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолдарының 287-1073 шақырымындағы Осинов асуы мен «Қалбатау-Майқапшағай» автожол учаскелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 19 Сәуір, 2019
Пәкістан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына 33-ші ел болып енді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) - (The Islamic Organisation for Food Security – (IOFS)) жүйелі түрде өзінің ауқымын кеңейтуде. Жыл сайын Ұйымға мүше елдердің саны артуда. Осы уақытқа дейін Қазақстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Иран, Мысыр, Кувейт, Қатар, Сенегал және тағы басқа мұсылман елдері АҚИҰ Жарлығына қол қойып, мүшелікке өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2019
Шолу: Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан өңірлерінде азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкімет халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 19 Сәуір, 2019
Айтыскер ақындар Қазақстанның 22 қаласында тур өткізеді
«Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық тур 25-сәуір Талдықорған қаласында басталады. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.
Руханият • 19 Сәуір, 2019
«Рухани жаңғыру» кітапханасы жаңа 30 оқулықпен толықты
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде іске асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған жаңа оқулықтар таныстырылды. Бұл туралы Ұлттық аударма бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 17 Сәуір, 2019
Қазақстандық экспорттаушылар қытай әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтуда
Шанхай – отандық өнімдерді ҚХР нарығында ілгерілету мақсатында, Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы «Silk Road» экспорттық Орталығы, «Қазақстан Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаушыларының қауымдастығы» және «Пионер» ЖШС, «Лепсі балы» ЖШС, «ҚР ӘӨК» ЖШС сияқты бірнеше қазақстандық компаниялар өкілдерінің Қытайға жұмыс сапарын ұйымдастырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 17 Сәуір, 2019
«Баспана Хит» бағдарламасының жылдық үстемесі арзандады
«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11%-дан 10,75%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлады.
Руханият • 16 Сәуір, 2019
Бішкекте «Манас» эпосының тұсаукесер рәсімі өтті
Бішкекте Халықаралық Түркі Академиясы басып шығарған «Манас» эпосының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Бішкек Гуманитарлық Университетінде Қырғызстанның ғалымдары, белгілі қаламгерлері және университет студенттерінің қатысты.
Президент • 16 Сәуір, 2019
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ, сауда және инвестициялық ынтымақтастық салаларындағы жұмысының негізгі қорытындылары жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.