Аяна ТОҒАНБЕК
Аяна ТОҒАНБЕК«Egemen Qazaqstan»
7102 материал табылды

Спорт • 09 Қараша, 2023

Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

12-15 қараша аралығында Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қоғам • 08 Қараша, 2023

Елімізде киік етін өткізетін кәсіпорындар белгіленді

Қазақстанда киік етін өткізетін ет комбинаттары Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Батыс өңірі бойынша 3 пункт Оралда, қалған біреуі Атырауда жұмыс істеп тұр. Бұл туралы салаға жауапты министрлік хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Аймақтар • 08 Қараша, 2023

Кәріздердің тозығы жеткен: Петропавлда төтенше жағдай енгізіледі

Петропавлда 9 қарашадан бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі. Бұған қаладағы кәріз коллекторларының бірінің әбден тозығы жетіп, зақымдануы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қоғам • 08 Қараша, 2023

«Мемлекет барлық еңбекті бағалайды». Министр Әли Оқапов туралы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі сыннан кейін отандық әнші Әли Оқаповқа берілген «Құрмет» орденіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық • 08 Қараша, 2023

28 млн теңге жымқырған: Ақмола облысында мектеп директоры мен есепші сотталды

Ақмола облысында білім беру ұйымының директоры мен есепшісі бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен сотталды. Есепші жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 08 Қараша, 2023

Қ. Тоқаев: БҰҰ – барлық адамзатты біріктіретін баламасы жоқ жалғыз жаһандық ұйым

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде болып жатқан кез келген қайшылықты БҰҰ Жарғысының нормалары мен қағидаттарына сай шешуге болатынына сенімін білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz. 

Медицина • 07 Қараша, 2023

Алматыда роботтың көмегімен 9 науқастың тізе, жамбас буындары алмастырылды

Қараша айының алғашқы аптасын отандық медицинадағы айтулы күн десек те болады. Өйткені 3 қарашадан бастап Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының хирургтары роботтың көмегімен тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операцияларын бастады. Бұл – Қазақстандағы роботтың қатысуымен жасалынған алғашқы ортопедиялық операциялар, деп жазады Egemen.kz.

Президент • 07 Қараша, 2023

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қоғам • 07 Қараша, 2023

Димаш Женевада БҰҰ басшылығымен кездесті

Кеше, 6 қарашада Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валовамен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тағайындау • 07 Қараша, 2023

Мәдениет және ақпарат министрлігінде бірқатар вице-министрлер тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды. Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.