Инвестиция • 14 Наурыз, 2026
Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68%-ы Қазақстанға тиесілі
Қазақстан экономикасында жинақталған тікелей шетел инвестициясының (бұдан былай – ТШИ) көлемі 2024 жылы 151,3 млрд доллар болған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму жөніндегі конференциясының «Әлемдік инвестициялар туралы» баяндамасында (бұдан былай – UNCTAD есебі) осындай дерек бар. Бұл көрсеткіш сырттан тартылған капиталдың ел экономикасындағы салмағын бағалауға мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ, шетел инвесторлары салған кәсіпорындар, өндіріс жобалары, технологиялық жабдықтар мен басқа да активтер ел экономикасында қаншалықты ықпалды екенін осы көрсеткіштен аңғаруға болады.
Спорт • 14 Наурыз, 2026
Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы триатлоннан Гонконгта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Наурыз, 2026
Елімізде үш ауысымды мектептер саны 4 есе қысқарды
2020 жылдан бері Қазақстанда 1,1 млн оқушы орнына арналған 1 242 жаңа мектеп салынды. Осы ауқымды жұмыстың нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 4 есеге, апатты ғимараттар саны 2,5 есеге, ал оқушы орнының тапшылығы 4 есеге қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 14 Наурыз, 2026
Digital Qazaqstan: Энергетика инфрақұрылымы онлайн жүйеге біріктірілді
Digital Qazaqstan ұлттық стратегиясы аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Отын-энергетика кешенінің (ОЭК) бүкіл инфрақұрылымын ашық онлайн жүйеге біріктіретін бірыңғай цифрлық контур қалыптастыруды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Наурыз, 2026
«Келешек мектептері»: Елімізде үш жылда 217 мектеп салынды
2023-2025 жылдары Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мыңнан астам оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Наурыз, 2026
Наурыздағы ҰБТ: Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов 140 балл жинады
Ерасыл Сайлауов наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары – 140 балл жинады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 14 Наурыз, 2026
Елде таңбаланған дәрілердің үлесі 40%-ға жетті
Қазақстан елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында елеулі нәтижеге қол жеткізді. Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінің деректері бойынша отандық өндірістегі дәрілік препараттардың үлесі заттай көрсеткіште (қаптама мен дозалар саны бойынша) 40%-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Наурыз, 2026
Көкшетауда заманауи көпбейінді аурухана бой көтереді
Көкшетау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) шеңберінде 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салу жөніндегі стратегиялық маңызы бар жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Наурыз, 2026
Солтүстік Қазақстанда донор үш пациенттің өмірін сақтап қалды
Солтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының үйлестіруімен донорлық процесс жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Наурыз, 2026
Ұлттық каталогта тіркелген тауар саны 20 миллионға жетті
Қаржы министрлігі еліміздегі тауарларды есепке алудың бірыңғай цифрлы жүйесін қалыптастыруды көздейтін – «Тауарлардың ұлттық каталогы» (ТҰК) жобасын енгізуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.