Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Бас Прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды
Жандос Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2025
27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні
Дүниежүзілік туризм күні жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл мереке 1979 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның шешімімен бекітіліп, 1980 жылдан бастап ресми түрде тойланып келеді. Мерекенің басты мақсаты – туризмнің әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық маңызын арттыру, адамдарды жаңа жерлерді тануға және мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті дамытуға шақыру.
ЖОЛДАУ • 26 Қыркүйек, 2025
Президент Жолдауы қоғам тарапынан оң бағаланды – әлеуметтік сауалнама нәтижелері
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстандық қоғамдық даму институты 2025 жылғы 12–19 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қоғамның қалай қабылдағанын зерделеу мақсатында экспресс-сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қыркүйек, 2025
Халықаралық серіктестік пен Certiport сертификаты: қазақстандық студенттер жаһандық нарыққа шықты
Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде интернационализация үдерісі қарқын ала бастады. Биыл еліміздің колледждеріне 7 шетелдік оқу орны интеграцияланып, стратегиялық әріптестік орнатылды. Серіктес мемлекеттердің қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания және Грузия бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қыркүйек, 2025
Еңбек нарығына дайын маман даярлау күшейтілді
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жұмыс берушілермен жаңа деңгейдегі серіктестікке қадам басты. 2025–2026 оқу жылында шамамен 130 мың студент 18 мыңнан астам кәсіпорын базасында дуальды оқыту жүйесімен қамтылады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өскенін көрсетеді, 2024 жылы 108 мың студент оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қыркүйек, 2025
30 колледж корпоративтік басқаруға көшті
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды реформа басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
Бізге жасанды интеллектінің қазақстандық моделі қажет - Ерлан Қошанов
Бүгін Парламенттік тыңдалымда Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйлеп, жасанды интеллектіні дамыту – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағытына айналғанын атап өтті. Ол білім беру, еңбек нарығы, киберқауіпсіздік, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару салаларында жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері мен қауіптері туралы баяндап, заңнамалық тұрғыдан нақты ережелер қабылдау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда колледждер цифрландыру дәуіріне қадам басты
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды цифрлық жоба іске асып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы цифрландыруға көшті
Бүгін Шымкент қаласында өткен «Су инфрақұрылымын басқарудың жаңа үлгісі ретінде цифрлық құралдар» атты республикалық семинар аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-мен, қала әкімдігімен, табиғи монополия субъектілерімен және су бұру мен сумен жабдықтау операторымен бірлесіп, цифрлық технологияларды ұлттық деңгейде енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қыркүйек, 2025
Президент жаһандық климаттық бастамалар туралы: Бұл кең ауқымды алаяқтыққа ұқсайды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан энергетикалық тәуелсіздікке жету үшін атом индустриясын дамытуға күш салуы керек. Президент алғашқы атом электр станциясын салу – ауқымды жұмыстың басы ғана екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.