Тағайындау • 31 Қаңтар, 2020
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі мен Маңғыстау облысы әкімінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2020
Денсаулық елшілері салауатты өмірді қолдайды
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы қалада «Денсаулық Фестивалі» спорттық мерекесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Аталмыш шараны өткізудегі негізгі мақсат - қарапайым тұрғындарды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алудың негізі салауаттылық екендігін түсіндіру.
Абай • 31 Қаңтар, 2020
700 бала Абайдың әнін бірге шырқады
«Абай-175» ән эстафетасын «Интеллектум» лицейінен қабылдаған Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 700 оқушысы қазақтың ойшылы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020
Басқұдық ауылында қызмет көрсету бұрыштары ашылды
Бүгін Депарамент пен Мұнайлы ауданы әкімдігінің бастамасымен және жеке кәсіпкер Ерболат Айтжановтың қолдауымен Мұнайлы ауданы «Басқұдық» сауда орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызмет көрсету бұрышының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020
2020 жылы 5,2 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл Сырымұлы мәлімдеді.
Экономика • 30 Қаңтар, 2020
Ақтаудағы «CASPI BITUM» БҚ» ЖШС – еліміздегі жоғары сапалы битум өндіретін жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған зауыт жол құрылысы саласын жоғары сапалы отандық битуммен қамтамасыз етіп келеді.
Медицина • 29 Қаңтар, 2020
Маңғыстауда стоматологтар балаларға арнап акция ұйымдастырды
Маңғыстау облыстық стоматологиялық емханасының қызметкерлері «Көз жауын алатын өмір бойына арналған күлкі» атты ауқымды акциясын өткізді. Бұл жайында Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Ақтауда «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу шарасы өтті
Жергілікті полиция қызметкерлері жол- көлік оқиғасының алдын алу мақсатында жаяу жүргіншілермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Ақтаулық зияткерлер Лиондағы БҰҰ Моделі конференциясына қатысады
Білім ордасының 10-11-сыныбында оқитын Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 оқушысы қаңтардың 30-ы мен ақпанның 1-і аралығында Францияның Лион қаласында өтетін БҰҰ Моделі дүниежүзілік жастар конференциясына қатысады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайластық анықталды
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметіндегі заңсыздықтар бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінен облыстық Денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізілді.