Banner
Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1930 материал табылды

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023

Жаңа автобустар жүйткиді

Маңғыстауда жолаушылар тасымалына арналған 30 заманауи автобус пайдалануға берілді. Ақтау қаласы мен іргелес Мұнайлы ауданы тұрғындарын сапалы және қолайлы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін тағы 90 автобуспен толығады.

Аймақтар • 28 Қараша, 2023

Жаңа мұнай танкерлері келді

Маңғыстаудағы Халықаралық теңіз сауда портында жаңа танкерлердің келуіне байланысты салтанатты іс-шара өтті. Жалпы көлемі 8 мың тонна мұнай құю танкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group (ADP) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде сатып алынды.

Аймақтар • 07 Қараша, 2023

«Маңғыстау жастары»: баспаналы болуға қадам

Жастардың баспаналы болуы оңай емес. Осы орайда Маңғыстау облысында мемлекеттік секторда қызмет етіп жүрген жастарды қолдау мақсатында іске қосылған жаңа бағдарламаның маңызы зор.

Аймақтар • 06 Қараша, 2023

Өңір дамуына соны серпін

Елімізде қанатқақты жоба ретінде тұңғыш рет әкімі сайланған 42 аудан­ның бірі – Бейнеу. Ауданда орна­лас­қан сайлау учаскелері жұмы­сын таңғы сағат 7-де мемлекеттік әнұран орындау­мен бастады.

Көрме • 29 Қазан, 2023

Суретшілерге шабыт берген экспедиция

Маңғыстауда мың бояулы сурет әлемінің шеберлері аз емес. Талай додалардан жүлде алып, туған елдің өткені мен бүгінін, ел мен жерді, ұлттық құн­дылықтар мен тұрмыс-тіршілігімізді қаз-қалпында көз алдыңа көрікті кар­тина етіп ұсынып жүрген суретшілер – тарихты қылқаламмен хаттау­шы­лар.

Аймақтар • 24 Қазан, 2023

Жаңа үйлер жасыл желекпен абаттандырылады

Отбасы банктің Маңғыстау облыстық филиалы ұжымы Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Жануарлар • 24 Қазан, 2023

Арқар саны артып келеді

Маңғыстаудың маң дала­­сының сәнін келті­ретін аңдар­дың бірі – арқар. Пір Бе­кеттің асырауында бол­ған тү­лік саналатындықтан өңір тұрғындарының ұғы­мында арқарға деген құрмет айрықша. Бір жылдары әртүрлі себеп­пен саны азай­ған ар­қардың басы қазір қай­та көбейіп келеді.

Шаруашылық • 24 Қазан, 2023

Шаруасы қожырамаған қожалық

Шаруасын дөңгелетіп, өзімен бірге өзгелердің де нәпақа айыруына сеп болып отырған шаруашылықтың бірі – «Құлжановтар» қожалығы. Маңғыстау ауданының «Нысап» жерінде мал өсіріп, егін егумен айналысып келе жатқан шаруашылықтың жұмысы жолға қойлыған.

Аймақтар • 19 Қазан, 2023

Жаңаөзеннің жайы қалай?

Жаңаөзен қаласындағы мәселелер толықтай шешімін тапты деуге әлі ерте. Жыл­дар бойы қордаланған зәруліктерді аз ғана жылдың аясында шешудің оңай емес екенін ескере отырып, бүгінде істеліп жатқан жұмыстарға қанағат ету­­ге тиіспіз. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласына үш­ күндік іссапармен барып, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі сияқты қала маңындағы ауылдарда есептік кездесулер өткізді. Жұмыс сапарының соң­ғы күні аймақ басшысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесіп, пікір­лесті.

Егемен Қазақстан • 16 Қазан, 2023

Басылымдардың басты байлығы – оқырман

Баспасөзге жазылу жалпының ісі болғанымен әлеуметтің газет-журнал оқудан сырт айналғанына біраз болғаны белгілі. Бұл ақпарат саласында қызмет істейтіндердің ғана шаруасы ретінде бағаланып жүр. Соның салдарынан жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу мәселесі қиындық туғызып келеді.

Яндекс.Метрика