Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
2053 материал табылды

Аймақтар • 27 Ақпан, 2023

Сайындықтар су әлегінен құтылады

Түпқараған ауданының Сайын ауылын­да су қондырғысының іске қосылуы үлкен жаңалық болды. Күніне 1 мың текше метр су шығаратын қондырғы «Aura» демалыс кешеніндегі бұған дейін 300 текше метр қуаттылық­пен тұшытылатын су көлемін 1300 текше метрге дейін арттырды.

Сайлау • 27 Ақпан, 2023

Дайындық барысы пысықталды

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Маңғыстау облысына инспекциялық сапармен барды. Аймаққа сапарға комиссия мүшесі Шавқат Өтемісов пен Ортсайлауком аппаратының қызметкерлері де қатысты.

Халық • 26 Ақпан, 2023

Көтерме көмек ауылға барған жас мамандарға беріледі

Маңғыстау облысындағы жас мамандарға үй алуға 5 млн теңгеден көмек беріледі. Осылайша, мұнайлы өңірдегі «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 411 маман біржолғы көтерме жәрдемақы және 231 маман жеңілдетілген несиемен тұрғын үй сатып алуға көмек алады.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2023

Каспий жағасына келушілер көбейеді

Теңіз жағалауындағы Ақтау қаласы мен «жұм­бақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстауға» қызығу­шылықпен келетін туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы жаз айларында шетелдік жиһанкездер мен саяхатшылар респуб­лика бойынша Ақтауда демалуды, саяхаттауды көбірек таңдаған.

Отбасы • 16 Ақпан, 2023

Бала тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

Өкінішке қарай, аймақ мектептерінде түрлі қылмыстық сипаттағы іс-әрекет әлі де азаймай отыр. Әсіресе әлімжеттік, қорлау, зорлау, сабау, тонау, қорқытып-үркіту сынды адами қағидаттарды ман­сұқ­тап, қатыгездікке желік­кендерден зәбір көргендер де, тіпті соңы қайғылы жағ­дайлармен аяқталған оқиғалар да жоқ емес.

Университет • 16 Ақпан, 2023

Олжамыз – ортақ институт

Заманға сай жаңаруды, елге, өңірге қажетті сауатты кадрларды дайындауды мақсат еткен Ақтаудағы Yessenov University-інде ірі жоба қолға алынды. Ол – Қазақ-неміс инжиниринг институтын құру жобасы. Тың бастама Президенттің энергетика саласын және баламалы энергетиканы дамыту тура­лы тапсырмасын орындауға бағытталған.

Білім • 14 Ақпан, 2023

Кентерберимен ынтымақтастық

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастап барған делегацияның Лондонда өткен мемлекетаралық мәжілісінде Yessenov University президенті Берік Ахметов үкіметаралық комис­сияға ынтымақтастық бағытындағы мүм­кіндіктерді таныстырды.

Сауда • 02 Ақпан, 2023

Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр

Маңғыстау – азық-түлігі де, күнделікті тұтынатын тауар түрлері мен коммуналдық қызмет тарифтері де қымбат өңір. Тұрғындар тарапынан мұнайлы өлкеде баға тек мұнайшылардың жалақысына сәйкес қойылған ба деген жауапсыз сұрақтар бар. Бұл уәждің негізі бар. Қымбатшылық, әсіресе, азық-түлік бағасы жиі-жиі көтеріліп, қолға ұстатпай келеді. Бағаның бұлай шарықтауы мұнай саласы мен мұғалімдерден басқалардың – жалақысы төмен сала қызметкерлерінің, көпбалалы отбасы­лар­дың, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың қалтасын тықырлатып, жүйкесін жұқарта түсті.

Қоғам • 02 Ақпан, 2023

Берекеге бәріміз жауаптымыз

Қазір адам санасынан туындаған ғаламаттарға емес, қанша тырыссаң да түсінікке сыймайтын нәрселерге таңғалумен келеміз. Бұл, әсіресе, адами мінез-құлық, адамгершілік құндылықтарына қатысты. Шетелдің шектен шыққан «хайптары» емес, өз елімізде бірінен соң бірі орын алып жатқан шетін оқиғалардың шеті жоқ – жыларыңды да, күлеріңді де білмейсің.

Қоғам • 01 Ақпан, 2023

Отпан таудағы салбурын

«Отпан» кәсіпорны мен облыстық құсбегілер федерациясы бірлесіп, «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық іс-шарасын ұйымдастырды.

Яндекс.Метрика