
Қазақстан • 29 Наурыз, 2021
2000 жылдардың бас кезінде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, тарихына, география ғылымы мен ұлт этнографиясына, философиясына, халқымыздың жалпы руханиятына Серікбол Қондыбай есімі мен еңбегі өзгеше құбылыс болып енді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Қажыбекше айтсақ, «мифтік реконструкция саласындағы мұзжарғыш қасиетке ие» Серікболдың ғылыми шығармашылығы ұлттың жоғалғанын соны пайымдармен түгендеп қана қоймай, бұған дейін белгісіз болып келген ұлттық болмысымыздың түп-тұқиянына қатысты кейбір мәселелерге, түркі дүниесі құндылықтарының шығу төркініне, есте жоқ ескі замандағы ата-бабаларымыздың дүниетаным көкжиегіне тың ізденістермен талдау жасайды. Филология ғылымдарының докторы А.Сейдімбектің «Серікбол Қондыбай қазақ тарихын иісі түркі тарихының, түркі тарихын жалпыадамзаттық тарихтың құрамдас бөлігі ретінде зерделеді. Нәтижесінде, қазақ тарихының философиясы деп аталатын ғылым саласының бағыт-бағдары анағұрлым айқындала түсті», деуі осыдан еді.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2021
Бейнеудің бәтеңкесі «бренд» болса ғой!
Шетелдіктер ұлтарақтай бөлігін таба алмай, қазақ даласынан келіп тиын-тебенге саудалап өз елдеріне құмырсқаша тасып, кейін өзімізге бағасы аспандап тұрған қымбат тон, аяқкиім етіп қайта сатып жүрген мал терілерін өңдеу, оны кең көлемде кәдеге жарату Қазақстанда шешімін таппаған мәселе.
Қоғам • 19 Наурыз, 2021
Жаңаөзенде оңалту орталығы ашылды
Туғанынан тағдырдың тауқыметін тартып, әртүрлі дерттің тырнағына ілініп жататындар жоқ емес. Қоғамда «мүмкіндігі шектеулі» деп аталатын бұл жандарға, әсіресе, балаларға жағдай жасау – міндет. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Балақай» оңалту орталығы пайдалануға берілді.
Экология • 18 Наурыз, 2021
Әдетте жыр мен жыршы туралы айтылатын «таңды таңға ұрып жырлау» деген тіркесті Маңғыстаудағы Қошқар ата улы көліне қатысты «жылды жылға ұрып айтқан жыр» деп өзгерте қолдануға болады.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2021
Сотталғандар Амал мерекесін атап өтті
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған сотталғандар арасында Амал мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузақбаев құттықтау сөзімен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Елші, қоғам қайраткері Болатхан Тайжан туралы сөз болғанда 1963 жылы Мәскеуде құрылған жас тұлпарлықтарды еске алмай кетпеу мүмкін емес.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелерінің қызметкерлері бірнеше жыл қатарынан көмекке мұқтаж адамдардың өмірін аман алып қалу мақсатында ерікті түрде қан тапсыруда.
Руханият • 04 Наурыз, 2021
Құсбегілік – халқымыздың сүйікті де төл өнері. Маңғыстау өңірінде де баба мұраны қастерлеп, кейінгі ұрпаққа үйрету бағытында еңбектеніп жүргендер жоқ емес. Солардың бірі – Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылының тұрғыны Жеңісхан Бақболатұлы.
Қоғам • 03 Наурыз, 2021
Балықшылар ескерткіші сынға ілікті
Түпқараған ауданы, Аташ елді мекенінде биыл «Балықшылар» демалыс орны бой көтереді. Маңғыстауда тараған соңғы жаңалықтардың бірі осы болды.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.