Тарих • 18 Мамыр, 2021
Құрбан болғандарды анықтау – парыз
Даламыз ойрандалып, халқымыз ойсыраған сол бір зұлмат жылдар қасіреті ұмытылмайды, өйткені ол – қара жамылған тарих. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы көпшілік көңіліндегі көкейкесті мәселенің түпкілікті шешімін табуына жол ашып берді.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Атакүлдікке жету, өз Отанының нығаюына еңбек етіп, ұрпағын ағайын арасын қосу – елжанды қазақтың арманы. Түрікменстандағы қандастардың да туған елге табан тіреуді армандағанына біраз жыл болған. Олар Отанына оралуға рұқсат беретін құжатты да сарылып бір жыл күткен-ді.
Руханият • 17 Мамыр, 2021
Тұңғыш Президент саябағының құрылысы басталды
Жаңаруды басты ұстаным еткен Ақтау қаласы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тағы бір жаңа нысанмен толықпақ. Бұл – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2021
Маңғыстауда соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Маңғыстауда соғыс ардагеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2021
«Сүлеймен» спорт кешенін сыйға тартты
Тұрғындар саны жыл сайын артып, қанатын кеңге жая түскен Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылындағы тұрғын үйлер мен әртүрлі мақсаттағы ғимараттар қатары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жаңа әлеуметтік нысанмен толықты.
Туризм • 28 Сәуір, 2021
Теңіз курортын дамытудың іргелі жобалары жүзеге асуда
Кейінгі жылдары өңір ғана емес, ел әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші салаларының бірі болатын туризмді түлету үшін теңіз жағасындағы Ақтау қаласын заман талабына сай жаңғырту күн тәртібіне шықты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы тамыздағы «Ақтау қазіргі заманғы теңіз курортына айналуы тиіс» деген тапсырмасынан кейін Үкімет басшысының қолдауымен аталған мәселеге 17 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмыстың бірінші кезеңі жүргізілді.
Руханият • 27 Сәуір, 2021
Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күніне орай Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің дәстүрлі «Кітап әлемді бағындырады» акциясы биыл да жалғасын тапты. Білім ордасының 647 оқушысы мен 100-ге тарта мектеп педагогі карантин талаптарын сақтай отырып, құпия достарына кітап сыйлады.
Қоғам • 22 Сәуір, 2021
Маңғыстауда қоқыс мәселесі күрделі жағдайда. Жанашырлықпен назар аударылып, жеткілікті қаржы бөлінбегендіктен, даулы жағдай жылдан-жылға жалғасып келеді. Оның үстіне өңірде құрылыстың қарқынды жүргізілуі мен тұрғындар санының көбеюі қоқыс көлемін арттырып, мәселе қордалана түсуде.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
Апатты үйлерімен аты шыққан Жаңаөзенде «апатты» санатына жатпағанымен, ескі үйлердің де жағдайы жақсы емес. Кейбірінде орын алған оқыс оқиғаларымен бұл үйлер «апаттыға» сұранып тұр деуге де болады. Жуырда мұнайлы қаладан ескі үйлерге жөндеу жүргізу басталды деген жағымды жаңалық келіп жетті.
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Қанатымен су сепкен қарлығаштай...
Қанат Әбдиев – қашанда ел-жұртының жанынан табылып, қанатымен су сепкен қарлығаштай болып жүрген жігіт. Қоғамдағы мүсәпір, шынайы көмекті қажет ететін адамдарды көргенде шыдай алмай, маңына өзі секілді ізгілікті іс жасауды жаны сүйетін жастарды жиып, қалталарынан ақша шығарып, жұмысқа кірісіп кеткен болатын. Еш жерден көмек алмай, өз отбасы, бала-шағаларының аузынан жырып өзгеге көмек беріп жүрген нағыз еріктілер.