Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Маңғыстау: 146 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды
Төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған жағдайда мемлекет 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төлейді, деп мәлімдеді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ә.Қыраубаев Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар саны 30 адамға жетті
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады. Алғашқы екеуі Қарақия ауданы Сенек ауылының 1972, 1975 жылдары туған тұрғындары. Ағайынды екі жігіттің дене қызуы көтеріліп, қатты ауырған соң, інілері Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеке көліктерімен алып келген.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Меморандумдар арқылы 39 мыңға тарта адам жұмыспен қамтылмақ
Жұмыс орындарын сақтау бойынша ірі компаниялармен меморандумдар жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, деді қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Маңғыстау: 8 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев мәлімдеді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Маңғыстау нейрохирургтері науқастың ішкі ұйқы артериясының аневризмасына ота жасады
Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургтері күрделі ота жасады. Дәрігерлер өз тәжірибесінде бас миының алып аневризмасы бар мұндай көлемдегі науқасты алғаш көруі екендігін жасырмады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Маңғыстау: ТЖ кезінде 164 көлік пен 221 жүргізуші куәлігі онлайн тіркелген
Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері egov.kz порталы арқылы онлайн түрде 4 306 автомобиль тіркелді. Ал, облыс бойынша 164 көлік онлайн тіркелген. Оның ішінде 12 автокөлікке салоннан сатып алынған бойында онлайн рәсімделген. Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
ЭЦҚ-ны онлайн алу кезінде енді төлқұжатты пайдалануға болады
Қазақстан азаматтары төлқұжатын пайдалана отырып, ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Ақтауда шала туылған балаға сәтті ота жасалды
Маңғыстау облысы «Ана мен бала» перинаталдық орталығында акушер-дәрігерлер жүкті әйелдің ішіндегі құрсақты аман алып қалу үшін кесір тілігін жасауына тура келген. 29 жастағы жас ананың бұл екінші сәбиін дүниеге әкелуі. Өмірге келген қыз бала мерзімінен бұрын туған. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Маңғыстаудан 9 бала республикалық орталықтарға жеткізілді
Covid-19 вирусына байланысты әлемде пандемия жарияланған күннен бастап, елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Бұл ретте өңірде карантин жарияланып, санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан жағдай тұрақсыз болуына орай, Маңғыстау өңірінен 2 айлық сәби және 11 жасқа дейінгі барлығы 9 бала емін республикалық емдеу мекемелерінде жалғастырады. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
«Birgemiz» қорынан 6000-нан астам маңғыстаулыққа көмек көрсетілді
Күллі мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаған «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен республикалық «Birgemiz» қорынан өңірлік «Birgemiz-Mangystau» өңірлік қорына барлығы 324 350 000 теңге бөлінгендігін атап өтті деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.