Сұхбат • 07 Маусым, 2019
Ақжайық ауылдарына инвестиция барады
Батыс Қазақстан облысында 2027 жылға қарай мал басы қазіргіден екі есе көбейеді. Өңірдің ет экспорты әлеуетін қазірдің өзінде біраз ел көріп отыр: 2018 жылы батысқазақстандық 3 мың тонна ет Иран, Ресей, Армения, Тәжікстан және Қытай елдеріне жөнелтілген. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын кешенді дамытудың келешегі жайлы Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғали ЕСҚАЛИЕВ әңгімелейді.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Биыл мамыр айында Орал жоғары аграрлы техникалық колледжінде түрлі саладағы жылқышы мамандарын даярлайтын алты айлық курс ашылды. Мұнда дәстүрлі қазақ мал шаруашылығындағы жылқы бағу әдістері, қымыз дайындау, жайылымды тиімді пайдаланудан бастап, мал терісін, сүйегін, тіпті тезегін тиімді жарату тәсілдері үйретілмек.
Руханият • 31 Мамыр, 2019
Жақында Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Ораз Исаевтың туғанына 120 жыл толуына орай мерекелік шаралар өтті. 9 жыл Қазақстан Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы болған Ораз Жанұзақұлы «Егемен Қазақстан» газетіне де бөтен емес: басылымның 100 жылдық тарихында газетке басшылық еткен редакторлар тізімінде Ораз Исаев №13 болып тұр.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Әдеби өлкетану: қоғамдық сананы рухани жаңғырту (Орал өңірі ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасы. ХХ-ХХІ ғасырдың басы)» атты монография мен хрестоматияның тұсаукесері өтті.
Руханият • 22 Мамыр, 2019
Адамзат деп аталатын қауымның Әдебиет деп аталатын ұлы майданының қазақ қанатында қол бастаған Әмірхан Балқыбектің өзіндік орны бар.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2019
Оралда Сенат комитетінің көшпелі отырысы өтті
Орал қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселесін қарау бойынша көшпелі отырысы өтті.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Ақжайық өңіріне белгілі өлкетанушы, тарих магистрі Айболат Құрымбаев хабарласып, «Италиядан келген археолог ғалыммен бірге Оралға жақын маңдағы көне құлпытастарды қарап қайтайық» деген ұсыныс айтты.
Қоғам • 15 Мамыр, 2019
«Отбасы – мемлекеттің тірегі» дегенді жиі естиміз. «Орман-тоғай жап-жасыл болып жайқалуы үшін ондағы әрбір терек бүр атуы тиіс» деген тәмсілді мемлекеттік дәрежеде де мысал етуге болар еді. Яғни, отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Соғыс сарбазының 105-ші көктемі
Орал қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, 105 жастағы Семен Данилинді №5517 әскери бөлімнің жауынгерлері Жеңіс күнімен ерекше құттықтады.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2019
Жас әнші Ержан Максимге жерлестері құрмет көрсетті
Ресейде өткен «Голос. Дети» балалар музыкалық шоуына қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болған оралдық жас әнші Ержан Максимді жерлестері әуежайдан салтанатпен күтіп алып, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов арнайы қабылдады.