Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1315 материал табылды

Аймақтар • 15 Ақпан, 2023

Футболшылар жанкүйерді қуантты

Оралдық «Ақжайық» футбол клубының ойыншылары жол апатынан зардап шеккен жанкүйерінің көңілін сұрап, ауруханаға іздеп барды.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2023

«Орал» халықаралық әуежайы – мемлекет меншігінде

Кейінгі күндері «Орал» халықаралық әуежайын шетелдік инвес­тор сатып алды» деген ақпарат тарап, халық алаңдаушылық білдірген еді. Осыған орай Батыс Қазақстан облысының жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев пен «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нұржан Өтепбаев мән-жайды түсіндіріп, баспасөз конференциясын өткізді.

Қоғам • 07 Ақпан, 2023

Ақбөкенді шектеп аулау мәселенің шешімі бола ала ма?

Елімізде биыл 15 ақпаннан бас­тап бір жыл ішінде 1 815 бас киікті ғылыми мақсатта аулап, ұстауға рұқсат беріледі. Бұған кейбір экологиялық ұйымдар наразылық білдіріп жатыр. Алайда, ғалым-мамандардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2023

Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды

Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің редакциясы балалар шығармашылығы байқауын сонау 2002 жылдан бері ұйымдастырып келеді екен. Тек соңғы бірер жылда пандемия кесірінен байқау жеңімпаздарын ұлықтау кейінге қалған. Сол салтанаттың сәті түсіп, жақында «Айналайын» бетінде шығармалары жарияланған тоғыз автор редакцияға шақырылды.

Өнер • 26 Қаңтар, 2023

Тамырлас халық, тағдырлас талант

Орал қаласында қазақ пен татар халқының музыка мәдениетіне арналған ерекше концерт өтті. Тамыры ортақ қос халықтың әйгілі ұлдары Қапан Мусин мен Назиб Жигановтың шығармашылығын дәріптеген қайырымдылық шарасын «Назиб Жигановтың халықаралық шоқжұлдызы» атты жеке қор ұйымдастырды.

Білім • 26 Қаңтар, 2023

Үлгілі білім ұясы

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы №5 мектепте ерекше оқиға болды. «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы бойынша мектепке 250 млн теңге қаржы бөлініп, мүлдем жаңа түр мен мазмұнға көшті.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023

Шалқар көлінен табылған жәндік

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғалымдары облыс аумағындағы Шалқар көлінен бұрын тіркелмеген жаңа жәндік тапты. Ғылымда Turkogammarus aralensis деп аталатын шаян тәрізді жәндік бұрын-соңды Шалқарда кездеспеген екен.

Экономика • 19 Қаңтар, 2023

«Конденсат» шикізатқа жарымай отыр

Батыс Қазақстан облысында «Конденсат» атты зауыт бар. Сонау 1992 жылы оралдық Валерий Жүнісовтің басшылығымен құрылған акционерлік қоғам Қарашығанақ кенішінде мұнай өңдеу кәсіпорнын құруға кіріскен.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023

Антыңа адал бол, сарбаз!

Орал қаласындағы 5517 әс­кери бөліміне жаңадан келген 220-дан аса сарбаз Ұлттық ұлан сапында Отан алдындағы борышын адал өтеуге ант берді.

Қоғам • 17 Қаңтар, 2023

Кесте тігер үшем

Кейінгі бір жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 3 үшем, 78 егіз бала дүниеге келген. Ал жаңа жылдың алғашқы күндері жарық дүние есігін ашқан Айназ, Айзада, Айдана облыстық перинаталдық орталықтан аман-есен шығып, енді үйіндегі ата-әжесін қуантады.