
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Батыс Қазақстан дәрігерсіз қалуы мүмкін
Батыс Қазақстан облысы коронавируспен күресетін дәрігерсіз қалуы мүмкін. Бұл жөнінде өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Батыс Қазақстан облысында өрт көбейді
"Соңғы күндері Батыс Қазақстан облысының әр аймағында дала өрті көбейіп кетті", - деп дабыл қағады батысқазақстандық төтеншеліктер. Тек 15-16 маусым күндері ғана Қаратөбе, Сырым және Бәйтерек ауданында бірнеше өрт тіркелген, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Бәйтеректіктер жол азабын неге тартты?
Батыс Қазақстан облысында биыл 37,7 млрд теңге қаражатқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 437,3 км жолды жөндеу, сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" және "Жұмыспен қамту картасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс аумағындағы көше-жол жөндеу жұмыстары жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Қызметкер токқа соғылып қайтыс болды
12 маусым күні Орал қаласының Назарбаев даңғылы бойында электр желісі бағанында кәсіби қызметін атқарып жатқан электр жөндеушіні ток соғып, оқиға орнында қайтыс болды.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда екі күнде екі бала терезеден құлады
Орал қаласында соңғы екі күнде – 10-11 маусымда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен екі сәби құлап түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Ақсай қаласында Батырхан Шүкеновтің муралы пайда болды
Танымал қазақ әншісі, әйгілі «А-студио» тобын құрушылардың бірі Батырхан Шүкеновтың құрметіне Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында мурал пайда болды. Жеті қабатты үйдің қабырғасына салынған суретте әнші қолына саксофонын ұстаған күйде бейнеленген,- деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Батыс Қазақстан тұрғыны қоқыс өртеймін деп күйіп қалды
2020 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысында 195 өрт болған, оның 134-і тұрғын үй аумағынан шыққан екен. Осы өрттердің салдарынан 3 адам қайтыс болып, 7 адам жарақат алған. Өрт салдарынан болған шығын 2 704 815 теңгеге бағаланыпты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда тағы бір науқас коронавирустан көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында тағы бір адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды. Бұл туралы бүгін өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Оралдық азамат прокуратура алдында өзін өртемек болды
Бүгін, 10 маусым күні Орал қаласының тұрғыны, 32 жастағы Данияр Инжиғалиев Орал қалалық прокуратурасы алдында өзін өзі өртеуге әрекет жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
"Бөкей Орда" резерваты қашан ашылады?
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында "Охотзоопром" инспекторлары киіктің 280 мүйізін алып келе жатқан браконьерлерді ұстап алды. Ресейде тіркелген "SUZUKI" маркалы автокөлігін жүргізуші – батысқазақстандық азамат. Ол соңына бақылау түскенін сезіп, Чапаев ауылында бірнеше күн жасырынып жүрген, - деп хабарлайды Egemen.kz