
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Бөрлі ауруханасы жаңа көлікті болды
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы «Қазбұргаз» акционерлік қоғамы Бөрлі аудандық ауруханасына су жаңа жедел жәрдем көлігін сыйлады. Компанияның вице-президенті Б.Дүйсенов бас дәрігер міндетін атқарушы Шыңғыс Сәрсенғалиевке көлік кілтін салтанатты түрде табыстады.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2020
БҚО: «Теңізшевройлдан» келген 43 жұмысшы ауырған
Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал бақылауда, деп хабарлайды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2020
Ақжайықта ардагерге кәсіпкерлер автокөлік мінгізді
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Ілбішін ауылында тұратын соғыс ардагері Сұпығали Есімовке ауылдас кәсіпкерлері автокөлік мінгізді.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2020
Бүгін Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2020
Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген егіз ұл – Қасым мен Жомарт Орынтай бүгінде Орал қаласында Отан алдындағы парызын атқарып жүр.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Ақ Жайықтың ақындары Мақтаралға жәрдем етті
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалы үй-жайы суға кетіп, қиын жағдайда қалған Мақтаарал халқына материалдық көмек аударды.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Батыс Қазақстанда 36 дәрігер ауруханада жатыр
Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 12 тіркелді. Оның бесеуі - Ресей Федерациясында жұмыс жасайтын азамат болса, жетеуі – медицина қызметкерлері.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Оралда халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта бастады
4 мамырдан бастап Орал қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта бастады. 4-шағын аудандағы «Ural Car City» ғимаратындағы орталық сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетпек. Бұл жерде бұған дейін электронды форматта қолжетімсіз болған, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерге жүгінуге болады.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Оралдық магистранттар жас қаламгермен жүздесті
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ филологиясы бөлімінің магистранттары жас қаламгер, «Рух» халықаралық әдеби байқауының жүлдегері Ырысбек Дәбеймен онлайн кездесу өткізді.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Оралда коронавирустан емделіп жатқан науқастар ауруханадан кетпек болған
Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында «COVID-19» инфекциясынан емделіп жатқан бір топ науқас 1 мамыр күні дәрігерлерге бағынбай аулаға шығып, үйлеріне кетпек болған.