
Ауыл • 10 Қыркүйек, 2024
Күре жолдың бойындағы Кеңащы ауылының ажары кіріп қалыпты. Шоқ жұлдыздай ғана, сексеннен астам отбасы тіршілік етіп жатқан елді мекеннің иелігінде елу мың гектардан астам түгін тартса май шығатын құнарлы жер бар. Басты байлығы да осы. Жайылым жер аумағы – 1 650 гектар. Ауылдағы 10 кәсіпкер ақық дән өсіріп, ақтылы мал бағып, білек сыбана еңбек етіп жатыр. Бұрынғы Кеңащы мен бүгінгі Кеңащының айырмашылығы бірден көзге түседі. Көшелеріне асфальт жамылғы төселіпті, жол бойында биік бағаналарға электр шамдары орнатылған. Тұрғын үйлердің маңайы тазаланып, сырланған. Ауыл ортасындағы балалар алаңы да көзтартарлық.
Оқиға • 07 Қыркүйек, 2024
Төрге төселген алашаның үстіне жиегін қошқармүйіз оюмен өрнектеген құрақ көрпе төселіпті. Әжем қолтығымның астына құс жастықты тастай салды. Мамықтай жұп-жұмсақ, жып-жылы, құдды әжемнің жолаушылап келген маған деген пейілі іспетті.
Мектеп • 04 Қыркүйек, 2024
Білім күні Қосшы қаласында 1 200 орындық мектеп ашылып, алғашқы қоңырау салтанаты тұрғындардың көл-көсір қуанышымен көмкеріліп, әдемі әсерге бөледі.
Еңбек • 16 Тамыз, 2024
Әкелі-балалы токарьлар Сафоновтар әулетін тұрғылықты жері Новосельское селосының ғана емес, Атбасар аймағының халқы жақсы біледі. Абыройының асқақтауына, елдің шынайы құрметіне бөленуіне өз істерін тым жақсы меңгеруі себеп болып отыр. Әулеттің еңбек өтілі – 85 жыл.
Білім • 13 Тамыз, 2024
Бір әулеттен тараған ұрпақ бір шоғыр тіл жанашырлары, ұлағатты ұстаздар. Сәтімен сабақталған еңбек дәстүрі талайды тәнті еткендей. «Білім бағының бағбандары» атанған әулеттің еңбек өтілі – 108 жыл.
Экология • 03 Тамыз, 2024
Халықтың қалауы – ауылдың ажары
Шалғайдағы елді мекендердің мұнтаздай тазалығы, көзтартарлық әдемі ажары бұл жерде ұйымшыл, бірлігі мол адамдардың тұратынын аңғартады. Олар туған елінің түтіні түзу ұшқанын қалағандықтан, өздері тұрып жатқан алтын бесік – ауылдарының тазалығына айрықша мән береді.
Ауыл • 02 Тамыз, 2024
Биыл шөп шүйгін. Малсақ қауым шындап кіріссе, екіжылдық мал азығын еркін жинап алуға толық мүмкіндік бар. Кей жылдары сараңсып шалғыны шалғыға ілікпейтін табиғи шабындықтың өзі қалы кілемдей құлпырып тұр.
Руханият • 01 Тамыз, 2024
Эльза Панаева қазақ тілін өз ана тілім деп санайды. Бес тілді меңгергенімен, жанына жақыны, көңіліне қонымдысы – жергілікті ұлт тілі.
Экономика • 31 Шілде, 2024
Көкшетаулық «Дарбаев» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, азық-түлік тауарларын көтерме сатушы Көбентай Дарбаевтың сауда саласындағы сәтсіздіктері мен табысын, сергелдеңге түскен сәттерін, табыстың тайқазанын қайнатқан тұстарын көңіл таразысына тартқан кезде осылай ой түюге болады екен.
Қоғам • 27 Шілде, 2024
Жыл сайын қайталанатын көктемгі су тасқыны биыл әдеттегіден жойқын болды. Апат өңірдегі бірнеше елді мекенді басып қалып, қыруар тұрғын үй су астында қалды, тірнектеп жинаған мал-мүлік шығынға ұшырады.