Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1636 материал табылды

Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Ақмолада бекеттер тәулік бойы жұмыс істейді

Карантиннің алғашқы күні. Блок-бекеттерде құқық қорғау қызметкерлері мен дәрігерлер тәулік бойы күзетуде. Облыс бойынша 8, ал, Көкшетау шекарасында 12 бақылау-өткізу бекеті орнатылды. Облыс аумағында жалпы саны 50-ден астам бекет қойылмақ.  

Экология • 02 Сәуір, 2020

Ел экологияға алаңдайды

Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр ауылының тұрғындары «Көкшетау су арнасы» кәсіпорны экологияға орасан зор зиянын тигізуде деп дабыл қағуда.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Көкшетауда дезинфекция жұмыстары баяу

Коронавирус дертінің алдын-алу мақсатында облыс орталығындағы қоғамдық орындар жаппай дезинфекциялануда. Әйтсе де, арнайы техника мен мамандардың жетіспеушілігі қазірдің өзінде  айқын сезіліп отыр.

Коронавирус • 02 Сәуір, 2020

Көкшетауда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Кеше Көкшетауда коронавирустың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Коронавирус Көкшетауға да келді

Облыстық көпсалалы аурухананың жанындағы емхананың кіші медициналық қызметкері вирус жұқтырған.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Талап баршаға бірдей

Көкшетау қаласында СOVID-19 вирусының таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайдың талаптарын сақтамаған тағы бірнеше дерек тіркелді.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Көкшенің көлдеріндегі көк мұз жұқарды

Соңғы күндердегі ауа райының күрт жылынуынан өңірдегі өзен-көлдердегі мұз жұқарды. Әйтсе де, балықшылар кәсіптерін тоқтатар емес.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Ақмоладан Елордаға «Жылы жүрек» керуені аттанды

Елде орын алған төтенше жағдайға орай, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Жылы жүрек» акциясы басталды. Акцияға үн қосқан Көкшетау қаласындағы Науан хазірет мешіті Нұр-Сұлтан қаласына 7 тоннаға жуық азық-түлік жөнелтті.   

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Ақмолада «Біз біргеміз» акциясына жазасын өтеушілер де үн қосуда

Аймақтағы түрмелерде медициналық маска тігу өндірісі қарқын алған. Жазасын өтеушілер тәулігіне 7 мыңнан астам маска тігеді. Қайырымдылық шара барысында маскалардың бір парасы Көкшетаудағы қарттар мен мүгедектерге арналған «Үміт Шаңырақ» орталығына тегін үлестірілді.  

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Ақмола облысындағы тұрақтандыру қорының қоржыны толық

Ақмола облысындағы тұрақтандыру қорында 12 тонна күріш, 15 тонна жарма, 1,5 тонна өсімдік майы, 3,4 тонна сары май, 1825 тонна бірінші сортты ұн бар.