Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1814 материал табылды

Экономика • 07 Желтоқсан, 2022

Берекелі ақбас сиыр

Ел ішінде төрт түлік малдың басын көбейтіп, ақ-адал еңбегімен босағасына береке байлап отырғандар аз емес. Малсақ қауымның осы бір өнімді ісі өзгеге үлгі болуға әбден лайықты.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022

Астықты өңірде ұн тапшы

Биыл Ақмола диқандары 5 млн тоннадан астам сапалы астық жинап, еңбектері ақталды. Әйтсе де, қолда барды кәдеге жарату тұсы кемшін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өнім экспортын ұлғайтуды тапсырды. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірге ұсыныспен ғана шектеліп отыр.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2022

Балдырғандарға базарлық

Көкшетауда Шахмет Құсайы­нов атындағы Ақ­мола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жа­нынан ашылған тұңғыш қуыршақтар театры кішкентай көрермендерін көл-көсір қуанышқа кенелтті.

Аймақтар • 29 Қараша, 2022

Көкшетау халқы да қобалжып отыр

Таяуда Екібастұзда жылу электр орталығында апат болуы салдарынан қала тұрғындарының қаншалықты зардап шегіп отырғандығын көкшетаулықтар жақсы түсінеді. Өйткені 90-жылдардың басында облыс орталығын жылумен қамтамасыз етіп тұрған қазандық істен шығып, қала инфрақұрылымы қыс ішінде қатып қалған.

Егемен Қазақстан • 28 Қараша, 2022

Ақиқаттың ай дидары – баспасөз

Таяуда «Egemen Qazaqstan» журналистері киелі Көкше өңірінде болып, оқырмандармен жүздесіп қайтты. Тау басынан құдық қазғандай қияпат еңбекпен көз майын тауысып, елдің шөліркей іздеген рухани азығын тауып беріп отырған газет редакциясы мен көзіқарақты оқырман арасындағы байланысты барынша өрістетіп, жандандыра түсу өте қажет. Бүгінгі оқырман нені қалайды, қай тақырыпты оқығысы келеді? Мұны да білген жөн.

Экономика • 27 Қараша, 2022

Кетігін тапқан кәсіпорын

Өңірде құрылыс жұмыстары жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Ең бастысы, құ­ры­лысқа қажетті өнімдер өзімізде өндіріле бастады. Мұ­ның үлкен маңызы бар. Өйт­кені алыс-жақын шет­елдерден тасымалданатын, кейде қасқалдақтың қанын­дай таптырмайтын, бағасы удай қымбат өнімдерге енді мұқтаж болмаспыз.

Қоғам • 22 Қараша, 2022

Қоқыстан құтылар күн бар ма?..

Өңірдегі өңсіз өңі ондаған жылдар бойы өзгермей келе жатқан сойылдай мәселенің бірі – бей-берекет шашылған, жаз бойы жаман иісі мүңкіп тұратын, шыбын-шіркей жиналып, құрттап, егеуқұйрықтардың мекен ететін жеріне айналған қоқыс үйінділері.

Білім • 22 Қараша, 2022

Мақсат – сапалы білім беру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деп атап көрсеткен болатын.

Сайлау • 20 Қараша, 2022

Көкшетаулықтар өз таңдауын жасауда

Ақмола облысының орталығындағы Білім-инновация лицейінің ғимаратында орналасқан №24 учаскеге сайлаушылар таң сәріден келе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Ел үміті – ертеңде

Ақмола облысының орталығындағы сайлау учаскелеріндегі жауапты науқан ұйымшылдықпен жүріп жатыр. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуовтың айтуына қарағанда, таңертеңгі сағат 10-ға дейін жалпы сайлаушылардың 21,24 пайызы дауыс беріп үлгерген, деп жазады Egemen.kz.