
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2022
Аз ғана уақыт «жасыл аймақта» болып, арқасын кеңге салған ағайынды індеттің етек алуы, қатерлі қауіптің көбеюі қайтадан қусыра бастады. Өңір – «қызыл аймақ» санатында. Дерттің бас көтеруі – жұрттың санитарлық талапты сақтамауынан. Қатерлі делінгенімен, тығылып той жасап, жасырынып ас ұйымдастырып, тәртіп бұзу тыйылмады.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2022
Кәсіп меңгерген қатардан қалмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында еңбек нарығындағы тиімді экожүйені құруға назар аударып, тапсырма берген болатын.
Коронавирус • 14 Қаңтар, 2022
Дауасыз дерт дендеп тарағалы өңірдің 50 мыңнан аса тұрғыны COVID-19 індетін жұқтырыпты. Жыл басынан бері дерт тағы да өршіп келе жатқандығы байқалады.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022
Қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтаған кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек деген ордалы ойын ортаға салды. Шынында да, мәңгілік елдің мұраттарын келер күндердің көкжиегінде көгертетін бүгінгі балалар емес пе?!
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2022
Таяуда Шортанды кентінде орын алған жарылыстан зардап шеккен отбасына қаржылай көмек көрсетіліп, жетім қалған төрт балаға Нұр-Сұлтан қаласынан пәтер әперілді.
Коронавирус • 30 Желтоқсан, 2021
Соңғы деректерге қарағанда індет біршама тоқырап, жағдай тұрақталған тәрізді. Әлеуметтік-экономикалық саладағы шектеу шаралары жеті күннен кейін жұмсартылмақ.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
Ел ішінде мемлекеттік қолдау арқылы өз кәсібін дөңгелетуге ұмтылып отырғандар аз емес. Арагідік тосын шаруамен айналысуға талаптанатындар да бар. Ең бастысы, сулы, нулы өңірдегі иесіздіктен игерілмей жатқан су айдындары да кәдеге асырыла бастады.
Экология • 24 Желтоқсан, 2021
Сулы, нулы деген Көкшенің баурайындағы мың жарымнан астам көлдің жартысына жуығы табиғатқа жасалған тақсіреттің салдарынан кеуіп кетті. Әлі де жүздеген көлдің кенересі тартылып, жағалауын қамыс басып, жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Тығырықтан шығар жалғыз жол – көлге иенің қажеттігі.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021
Сулы, нулы Көкшетау мен кең көсілген Қорғалжын аумағында жалпы саны мыңнан астам үлкенді-кішілі көл бар. Осынау су айдындарының 531-інде балық шаруашылығын дамытуға әбден болады. Бүгінгі күні 360 көлге ие табылып, шаруасын біршама алға бастырып отырған жайы бар.
Коронавирус • 03 Желтоқсан, 2021
Елді аман алып қалатын екпе ғана
Сәл сейілгендей болғанымен, дүркін-дүркін бас көтеріп, дүмеп тұрған жаман тұмаудың жолын кесу жалғыз-ақ екпе алуға байланысты екені мәлім болғалы қашан. Алыпқашты жаяу әңгіме де, әлеуметтік желіде қаптап кеткен екпе туралы теріс пікір де елді алаңдатпай қойған жоқ.