Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1622 материал табылды

Қоғам • 05 Мамыр, 2021

Ел ішіндегі игі шаруа

Көрген жанның көңілін тоғайтатын баспасөз туры барысында көктемгі егістің қарбаласы, мал төлдету, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту бағытындағы талай шаруаның куәгері болып қайттық. Бурабай, Бұланды, Біржан сал аудандарында ауыз толтырып айтуға әбден лайықты тіршілік тынысы бар екен.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2021

Ақ мол болсын десек...

Азық-түлік дүкендерінде жергілікті мал өнімдерін өндірушілердің сүт және сүт өнімдерімен бірге, іргедегі Ресейдің, қияндағы Белоруссияның тауарлары иен тіресіп тұр. Құрғақ сүттен жасалған, апталап, айлап сөреде жатса да, бұзылмайтын сүт өнімдері қаншама.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2021

Бір жылқы ұрлап, бес жылға сотталды

Қазақ «Мал-жан аман ба?» деп амандасады. Алдымен малды сұрауында мән бар. Ықылым заманнан бері Алаш баласының тіршілігі төрт түлігіне байланысты. Бүгінгі таңда да ауыл тұрғындарының дені азын-аулақ малымен күн көріп отырғандығы белгілі. Ал оны оңай олжа көріп ұрлау – күнәнің ең үлкені. Демек қазақылықпен кеңшілік жасап, кешірмеу керек. Сонда ғана ұрының өрісі тарылады.

Руханият • 28 Сәуір, 2021

Үлгі болар игі іс

Өзгеге қамқор болудың өмір­шең өнегесі аз ғана іс­тен атойлап көрініп тұ­ра­ры бар. Державинск қала­сындағы «Городок» дүке­нінің иесі Татьяна Гай­дукова әдемі мысал жа­йын­да сүйсіне отырып әңгі­ме­леп берді.

Туризм • 27 Сәуір, 2021

Сандықтаудың Бурабайдан несі кем?!

Ішкі туризмді дамыту өзекті мәселеге айналғалы қашан? Бір ғана Бурабай мен Зерендінің төңірегін шиыр­лай бермей, табиғаты тамылжыған өзге өңірлердің де мүмкіндігін барынша пайдаланып көрсек ше?

Қоғам • 27 Сәуір, 2021

Жастар ауылдан неге жериді?!

Шалғайдағы елді мекендер білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт және мәдениет кадрларына сусап отырғаны мәлім. Әсіресе шағын ауылдардың шаңырағы шайқалып тұрған біздің өңірде. Мемлекеттік «Дипломмен – ауылға!» және «Серпін-2050» бағдарламалары жетілдіруді қажет етеді. 

Аймақтар • 27 Сәуір, 2021

Ұлттық қолөнерді ұлықтасақ...

Бір кезде тағдырдың тәлкегімен төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен ағайын ел тәуелсіздігінің арқасында атажұртқа оралып, өсіп-өнуде. Шет жайлап, шалғайда жүргенде елді аңсап, сарытап сағыныш ет жүректерін елжіретіп, бір көруге зар болып жүрсе, бүгінде туған елдің тәуелсіздігін бекем етуге атсалысуда.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2021

Тағдырдың тәлкегіне мойымаған

Бір кезде аттың құлағында ойнаған жампоз еді. Ұшқырлықты, жылдамдықты жақсы көретін. Көлік апатына ұшырап, омыртқасын опырып алғаннан кейін қарға адым жер мұң болып қалды. Әйтсе де қарағайдың қарсы біткен бұтағындай рух қайсарлығы, жігерінің молдығы тағдырдың тәлкегіне мойынсұндырмай келеді.

Президент • 26 Сәуір, 2021

Көкшедегі кең пейіл

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жарияласымен-ақ Көкшетау қаласында бағалы бастама нақты қолдау тауып, қайырымдылық істер кеңінен қанат жая бастады.

Қоғам • 26 Сәуір, 2021

Жайылымның аздығы жанға батады

Өңірдегі 605 елді мекеннің 525-інде жайылымның аздығы таяу уақытта шешіле қоймайтын мәселеге айналған. Елдің өкпесі қара қазандай болатын тұс та осы. Елді мекендердегі малсақ қауымға төрт түлік малын жаю үшін 1,7 млн гектар жайылым керек.