Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1622 материал табылды

Медицина • 04 Ақпан, 2021

Вакцинаның әсері жақсы

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мен оның орынбасары Сәуле Сәдуақасова және бірнеше мәслихат депутаты Көкшетау №2 қалалық емханасында, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов, облыс әкімі аппаратының басшысы Азамат Қапышев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жаров және тағы басқалары облыстық көпбейінді ауруханада ресейлік «Спутник V» вакцинасын алды.

Қоғам • 03 Ақпан, 2021

Құрдымға кеткен құрылғылар

Көкшетау қаласындағы орталықтандырылған газ тарату құрылғылары орнатылған 645 көп қабатты тұрғын үйде 37 мың тұтынушы тұрады. Тұрғын үйлердің 14,7 пайызы ғана орталықтандырылған көгілдір отынмен қамтылып отыр. Қаладағы көп қабатты үйлерде тұратын тұрғындардың 60,3 пайызы газ баллондарын пайдаланады. Бұл жайт үлкен қауіп тудыруда.

Қоғам • 02 Ақпан, 2021

Ит балақтан алып тұр

Таяуда облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылының мектеп оқушысын қаңғыбас иттер талап тастаған. Статистикалық деректерге сүйенсек, өткен жылы облыста кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ит қапқан 599 оқиға тіркеліпті.

Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Көкшетау – қар құрсауында

Қаңтардың орта шенінде қар қалың түсті. Облыс орталығынан үш мың текше метрден астам қар шығарылды. Қатал сыншы – қыс коммуналдық қызметтің олқылығын, тосын оқиғаға толық дайын еместігін әшкерелеп берді. Коммуналдық мекемелер көбік қарды тазалауға үлгере алмай жатыр.

Оқиға • 29 Қаңтар, 2021

Киіктер қыста қысылмайды

Биыл қар қалың түсті. Жаңа жыл мерекесінен кейін қарлы боран көбейіп, қолат-қойнауды, сай-саланы қасат қар кептеп тастады. Бұл жай жалпақ жондағы жүгірген аңға қиындық туғызып отыр. Әсіресе, түзде тебіндеп күн көретін киіктерге қатер төнді.

Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Бір тәулікте 219 науқас тіркелді

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтеріне қарағанда, қаңтардың 24-іне дейін жаман тұмауға 9 518 адам душар болған.

Руханият • 05 Қаңтар, 2021

Қазынаны қастерлеген

Аузымен құс тістеген жүйрік баптап, желмен жарысқан тазы жүгіртудің қызығын дала ұлдары жақсы біледі. Білетіндер бір кезде көзден бұлбұл ұшқан атам қазақтың салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, иен даланың көркін келтіріп өрістеуде.

Бизнес • 30 Желтоқсан, 2020

Табыс кілті

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қашанда ма­ңызды. Негізінен ауыл шаруашылығына иек сү­йеген өңір үшін өнім өңдеу мейлінше өзекті. Осы орайда табыс кілтін тап басып, шаруа­шы­­лықты өрге сүйреп келе жатқандар да бар­шы­лық.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Ер Мәліктің есімі берілді

Биыл республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің 30 сәуір күнгі №83 санында «Ер Мәліктің есімі институтқа берілсе, елдіктің белгісі болар еді» деген мақала жарияланған болатын.

Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Өңірде өнім өңдеудің өрісі кең

Өзіміз өндірген өнімді өңдеудің маңызы зор. Негізінен ауыл шаруашылығына иек сүйеген өңір өнім өңдеудің ауқымын кеңейтіп келеді. Бұл қарымды қуат жаман тұмаумен жағалас­қан елдің дастарқанының берекесін келтіруге септігін тигізуде.