Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1622 материал табылды

Тарих • 10 Қараша, 2020

Ақсораңнан ұшқан ақсұңқар

Кең бөлменің үлкен терезесінен күзгі шуақ құйылып тұр екен. Үй іргесіндегі жуандығына құшақ жетпейтін қайыңның бұтақтары терезеден сығалап қарайды. Кешегі жасыл бояудан арылған, уақыт табы сап-сары етіп қақтап тастағандай. Тоқсанның бесеуіне табан іліктірген майдангер жұмсақ креслоға жайғасыпты.

Аймақтар • 09 Қараша, 2020

Кәсіпкерлер көбейіп келеді

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ел еңсесін көтеруге септігі молынан тиіп тұр. Ел ішінде өз алдына бір кәсіптің жалынан ұстап, нәпақасын молайтуға ұмтылатындардың қатары көбейіп келеді.

Аймақтар • 08 Қараша, 2020

Қысқа мұқият дайындық жасалуда

Біздің жақта қыс ұзақ әрі қатал. Кей жылдары қар да қалың түседі. Облыс орталығында қазір қатал сыншының сынына қапысыз дайындық жұмыстары қауырт жүргізілуде. Бұл орайда, ең алдымен керегі – коммуналдық мекемелердің қала көшелерін қардан тазартатын техникаларының дайындығы. Таяуда бірнеше жаңа қондырғылар сатылып алыныпты.

Медицина • 06 Қараша, 2020

Жақсылық жауған күн

Бүгін Көкшетау қаласында ақ түйенің қарны жарылған сүйінішті оқиға орын алды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі медициналық мекемелерге 8 жылжымалы медициналық кешен, облыс орталығындағы жедел жәрдем станциясына 38 реанимобиль және ішкі істер саласы қызметкерлеріне 24 патруль, өрт сөндірушілердің саты орнатылған автокөліктерінің  кілтін табыс етті. Көкшетаудың қоғамдық транспорты жаңа 16 автобуспен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 06 Қараша, 2020

Індеттің күшеюі – өзімізден

Өңірде карантиндік шектеулер күшейтіліп, 7 қараша сағат 00.00-ден бастап санитарлық бекеттер жұмыс істей бастайды. Кешкі 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көшеде жүруге тыйым салынды, демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл жөнінде өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Шағын кәсіптің шырайын келтіруде

Ауылдық жерлерде екі қолына бір күрек таба алмай отырған адамдар үшін «Еңбек» бағдарламасының шарапаты тиіп-ақ тұр. Ауданда бір кәсіптің құлағынан ұс­тасам деп алға ұмтылуды ниет еткен отыздан аса ­адамның ойы оңынан орындалды. Олар кәсіп­кер­лік негіздерін оқыту курстарын сәтті тәмамдап, жұмыс­тарын ұршықша иіріп отыр.

Руханият • 06 Қараша, 2020

Қамбар ата тұқымы қамқорлыққа зәру

Облыстың малсақ қауымы 206 мыңнан аса жылқы бағып отыр. Қасиетіңнен айналайын Қамбар ата түлігінің 1,6 пайызы ғана – асыл тұқымды. Мал тұқымы жылдан-жылға азып барады. Үйірге салатын құтпан айғыр көзге шалынбағалы қашан?! Өңірде жылқы тұқымын асылдандыратын бірде-бір шаруашылық жоқ. Осы қалпымызбен жосылтып тарта берсек, жүген ұстап қалуымыз да ықтимал.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Әнші ауруханаға ақылды аппарат сыйлады

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, опера әншісі Төкен Ілиясов көпбейінді Ақмола облыстық ауруханасына коронавирус жұқпасымен күресуде аса қажетті, адамдарды дезинфекциялап, дене температурасын өлшейтін мобильді аппарат сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бизнес • 05 Қараша, 2020

Балық өңдеу ісіне басымдық берсек

Ақмола облысында 524 су айдыны бар. Осы көлдерде 271 табиғат пайдаланушы бұйырған балығын аулап, несібесін айы­руда. Қазір 390 адамнан тұратын 140 бригада жұмыс істейді. Олар жылына 600 тоннаға жуық балық өндіреді. Әйтсе де облыста балық өнімдерін өңдейтін бірде-бір кәсіпорын жоқ.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Атамды артық көремін өзгелерден...

Өмірге ғашық, өнерге ынтық жастың бірі Анжелика Соколова – облыс орталығындағы гуманитарлық-техникалық колледждің білім алушысы. Қазақ тілін жете меңгерген жан сан мәрте тіл сайысында жүлдегер атанып жүр.