Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2043 материал табылды

Экономика • 10 Сәуір, 2020

Елена Бахмутова қаржы нарығындағы жағдайға түсінік берді

Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі интернет-конференцияда  іскерлік белсенділіктің төмендеуі Қазақстанда ғана емес, жан-жағымыздағы елдердің бәрі бастан кешіп жатқанын айтты.  

Қоғам • 10 Сәуір, 2020

Kolesa.kz жаңа қосымшасын іске қосты

Бүгін ғана іске қосылған қосымша  автокөлікжүргізушілеріне  төтенше жағдай кезінде Алматы қаласының айналасында жүруге рұқсаттың бар-жоғын тексеруге мүмкіндік берді.

Әлем • 10 Сәуір, 2020

Тәжікстан коронавирусқа байланысты шекарасын жапты

Бұл елде  күні бүгінге  коронавирустың бірде-бір жағдайы расталған жоқ. Бірақ соған қарамастан шекарасын жабуға шешім қабылдады. 

Қоғам • 10 Сәуір, 2020

Mastercard қолдану мерзімі өткен карталарды пайдалануға болатынынын айтты

Mastercard әрекет ету мерзімі өтіп кеткен карталарға қызмет көрсетуді жалғастыру мүмкіндігі туралы Қазақстандағы серіктес банктерге ресми хат жолдады.

Қазақстан • 10 Сәуір, 2020

Жеке кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасы басталды

Сарапшылар әзірге  белгіленген лимит 50 млн теңге екенін айтып отыр. Қазақстанның орнықтылық қоры, Қазақстанның 12 банкі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын қолдап, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық ахуалы төмендеген шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске асыруға кірісті. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық Банк 600 миллиард теңге бөлді.

Қазақстан • 10 Сәуір, 2020

Автоөнеркәсіптік кәсіпорындар Үкіметтен салық жеңілдіктерін сұрап отыр

Автоөнеркәсіптік кәсіпорындары «ҚазАвтоПром» одағы мәліметтері бойынша, қаңтар-ақпанда отандық зауыттар 94 млрд теңгеге 12 мыңнан астам автомобиль (автомобильдер, жүк көліктері, автобустар және арнайы техника) шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Қазақстандық кәсіпорындардың нарықтағы үлесі 55-тен 66% -ға дейін өсті. Алғашқы екі айда ол 7,2 мың автомобиль сатты (өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда + 47% көп.

Экономика • 10 Сәуір, 2020

ЕАЭО: Әлеуметтік төлем қалай беріледі?

Қазақстанда 42 500  теңге әлеуметтік төлем ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналғанын көріп отырмыз. Бұл тек бізде емес, ЕАЭО елдерінде де өзекті екен.   

Қазақстан • 09 Сәуір, 2020

42 500 теңгеге жазылған өтінімдердің кешіктіру себебі белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42,5 мың теңгеге төлемдерді өңдеудің кешіктірілуін бүгін түсіндірді.

Экономика • 09 Сәуір, 2020

Бюджет–2020: Министрлер кабинетінің үлесі қандай?

2020 жылға арналған бюджетке енгізілген түзетулерге сәйкес мемлекеттік органдар қанша қаражат алатындығы туралы мәліметтерді ұсынамыз.

Қазақстан • 09 Сәуір, 2020

БЖЗҚ: Салымшылардың шоттарына түскен инвестициялық кіріс 192,45 млрд теңгеден асты

COVID-19-дың таралуы және ОПЕК пен Ресей арасындағы мұнай саудасының соғысы тауарлық және қаржылық нарықтарына әсерін тигізіп жатыр. Салдарынан әлемдік қор биржаларының индекстері соңғы 30 жылдағы ең үлкен құлдырауды көрсетті, бірақ Қазақстандағы ең ірі институционалды инвесторлардың бірі – БЖЗҚ портфолиосында  соңғы екі аптада өсім байқалды.