Экономика • 03 Мамыр, 2023
Жаңа экономикалық саясат: басым бағыттар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керектігін ескертті. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажеттігін қаперге салды. «Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті» деп кесіп айтты Мемлекет басшысы.
Алматы • 27 Сәуір, 2023
Сейсмикалық қауіпсіздік селқостықты кешірмейді
Сейсмология институтының мәліметінше, 2018-2022 жылдары Алматыда 2 мыңнан астам жер сілкінісі болған. Олардың аумақтық таралу сипатына қарағанда, негізгі сейсмикалық белсенділік қаланың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жиірек байқалады екен. Әзірге мамандар жер тербелісінің нүктесін, орнын және уақытын алдын ала болжай алмайды. Қолдан келері жерасты, жерүсті тербелістерінің динамикасын тұрақты түрде бақылаумен шектеліп отыр.
Қаржы • 19 Сәуір, 2023
Баққанымыз – базалық мөлшерлеме
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені бұрынғы 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бас банк мұндай шешім кейбір елдерде баяулауына қарамастан жаһандық инфляция қысымы әлі де жоғары болғандығынан қабылданды деп түсіндірді.
Экспорт • 27 Наурыз, 2023
Біздің ел әлемнің 123 еліне 800-ден астам тауар түрін экспорттайды. Тауарларымыздың 65 пайызы Қытай, ЕАЭО және ЕО елдеріне жеткізіледі. Сарапшылардың айтуынша, қазақ тауарларының экспорттық әлеуетін көтеретін мүмкіндіктердің алғышарты енді қалыптасты.
Экономика • 06 Наурыз, 2023
Экономиканың өсуіне не кедергі?
Баға қымбатшылығы ел тұрғындарының қалтасына да, санасына да салмақ салып тұр. Қайтсек өндірістік елге айналамыз? Тығырықтан шығар жол қайсы? Нарықтық экономикаға көшу үшін бізге қандай алғышарттар керек? Осы және өзге де маңызды мәселелер дәстүрлі CFO SUMMIT алаңында талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, еліміз дәл қазір тәуекелдер қыспағында тұр.
Қаржы • 22 Ақпан, 2023
Қор нарығы теңгені қоңдандыра ма?
Жыл басталғалы екінші деңгейлі банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына ерекше ықылас таныта бастады. Қаржы сарапшылары осыған дейін қор, инвестиция нарығындағы ойыншылардың банкпен немесе банктердің олармен интеграциялануға ықылас танытқан кезі аз болғанын айтады. Ең алғашқы белгі 2010 жылдан бері қазақстандық нарықта жұмыс істеп келген «Freedom Holding Corp» тобының шағын ғана «Банк Kassa Nova» АҚ-ны Forte Bank-тен сатып алған кезінде байқалды. Бірер жыл өткенде ол «Банк Фридом Финанс Қазақстанға» айналды. Қазір біздің елде 16 банктің бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар.
Субсидия • 14 Ақпан, 2023
Үкімет мал өсіремін деген фермерге балық емес, қолына қармақ беруге шешім қабылдады. Өйткені елдегі ірілі-ұсақты малдың 4 пайызы ғана ірі шаруашылықтардың еншісінде болса, 96 пайызы шағын және орта шаруашылықтардың қорасында байлаулы тұр. Мал шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспарында Қазақстанға тірі мал емес, ет экспортына баса назар аудару маңызды екені айтылған. Мал шаруашылығын субсидиялау туралы шешімнің күрт өзгеруіне осы себеп болса керек.
Қаржы • 29 Шілде, 2021
Сенгеніміз синдикатталған несие ме?
Үкімет синдикат банктердің көмегімен инвестициялық жобаларды қаржыландырудан үмітті болып отырғаны өткен айда белгілі болды. Синдикатталған несие дегеніміз – бір кредиттік келісімшартпен кемі екі немесе одан көп несиегерлердің бірлесе несие беруі. Көзіміз үйренген дәстүрлі несиеден айырмашылығы да осы. Сырт көзге жаңалық болып көрінгенімен, бұл – елімізде бұрын қолданыста болған, сыннан өткен құбылыс. 2014 жылы Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) екінші деңгейлі банктерге инвестициялық жобаларды осы жүйе бойынша қаржыландыруды ұсынған. Бірақ банктер бұл бастамаға ықылас таныта қоймаған.
Кино • 09 Шілде, 2021
1966 жылы 20 жастағы Наталья Арынбасароваға Венецияда өткен халықаралық фестивальде Вольпи алтын кубогы берілген кезде басқаларды былай қойғанда Батыс елдері сарапшыларының өзі іштен тынып, «бұл фантастика» деген екен. Бұл сыйлық Арынбасароваға Шыңғыс Айтматовтың повесі бойынша түсірілген «Алғашқы мұғалім» фильміндегі Алтынай рөлі үшін берілген. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Арынбасарова біздің газетімізге берген сұхбатында шығармашылығы және өзін қоршаған ортаның өміріне әсері, достары жайлы айтып берді.
Экономика • 09 Шілде, 2021
Ресми дерек бойынша, елімізде 2008-2018 жылдары индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылып, 50 мың жұмыс орны ашылған. Бірақ бұл жобалардың игілігін ел көрді ме? Алдыңғы жылы Қарағанды облысына сапарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2015-2018 жылдар аралығында еңбек өнімділігінің өсімі жоспарланған 12 пайыздың орнына 4 пайызға ғана жеткенін, отандық өндірушілерді қолдауға бөлінген мақсатты 600 млрд теңге бюрократиялық проблемаларға байланысты тиісті жеріне жетпегенін айтқан еді...