
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Армения ҰҚШҰ-ның одақтасы болып қала береді, оған қатысты барлық міндеттемелер күшінде
ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, Армения ҰҚШҰ-ның одақтасы болып қала беретінін, Ереван алдындағы барлық міндеттемелер күшінде қалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Сыртқы істер ведомстволарының басшылары Алматыда кездесті
Бүгін Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі) отырысы өтеді. Оған Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу төрағалық етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 18 Маусым, 2024
Өткен аптаның соңында майдангер, көрнекті қайраткер Шәңгерей Жәнібеков Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл орден ғасырлық тойын атап өткелі тұрған абыз ақсақалға соғыс кезіндегі ерлігі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, ардагерлік белсенділігі үшін берілді.
Санкция • 18 Маусым, 2024
Қор биржасындағы жағдай: Қазақстанның қаржы секторына қалай әсер етеді?
Апта ортасында АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы («OFAC») «Мәскеу биржасына» (мұнда Қазақстан қор биржасының 13 пайыз пакеті бар) санкция салынғанын хабарлады. Сол күні түс ауа Ұлыбритания да «Мәскеу биржасына» қарсы санкция енгізгенін жария етті. Британ үкіметінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес санкцияларға Санкт-Петербург биржасы, Ұлттық клиринг орталығы (NCC) және Ұлттық есеп айырысу депозитарийі (NSD) де кірді.
Алматы • 13 Маусым, 2024
Отандық автонарық өзгенің ескісіне зәру ме?
Апта басында Алматыда автомобиль нарығына қатысушылар форумында ендігі жағдайдың мүлдем басқа сипатпен дамитыны белгілі болды. «Astana Motors» басшысы Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, жаңа ойыншылардың пайда болуына байланысты нарықтың «дене қызуы» көтеріліп кетті. Тіпті мұны технологиялық соғыс жағдайындағы текетірес деп бағалауға болады.
Қоғам • 09 Маусым, 2024
Кейбір отандастарымыздың несиесі есептен шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Маусым, 2024
Бизнес экономиканы демеуі керек
Қаржы министрлігі 2024-2026 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары нақтыланған қаулы жобасын жариялады. Инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалатын шығындар 5 млрд теңгеден 2,28 млрд теңгеге дейін қысқарып, төтенше жағдайларды жоюға арналған резерв 7 млрд-тан 59,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтылмақ.
Қаржы • 06 Маусым, 2024
«Қазақстанның қаржы секторы: Стратегиялық сын-қатерлерге – 25 жыл» атты қаржыгерлер форумында саланы дамытудың өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері талқыланды.
Алматы • 29 Мамыр, 2024
ХХI ғасыр әлемдік урбанизация үдерісін жылдамдатып, ірі мегаполистерді миграциялық тартылыс нүктесіне айналдырып жіберді. Ғаламдық құбылыстың жаңғырығы Алматыға да әсер етті. Қала соңғы жиырма жылдың бедерінде етек-жеңін кеңге жайып, елдегі ірі мегаполиске, мемлекеттің ең басты донорына айналып, қазақ экономикасының ғана емес, қазақ бизнесінің де ірі орталығына айналып үлгерді. Қазір Алматының ел экономикасындағы үлесі – 20 пайыз.
Сауда • 21 Мамыр, 2024
Орталық Азиядағы сауда қатынасы қай деңгейде?
Әлемдік сауда интеграциясындағы ендігі үрдістің беталысы белгілі болып қалды: «Қиындықтарға қалай қарсы тұрамыз және мүмкіндіктерімізді игере аламыз ба?» деген мәселе күн тәртібіне берік орнықты. Бұл – Орталық Азия елдерінің №1 проблемасы.