Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2130 материал табылды

Алматы • 24 Қазан, 2025

Invest Hong Kong орталығының басшысы Альфа Лау Алматыға келді

Гонконг (ҚХР) арнайы әкімшілік ауданының үкіметі жанындағы Invest Hong Kong орталығының басшысы Альфа Лау  Алматыда Гонконгтың әлеуетін Орталық Азия нарығына шығу үшін тұғырнама ретінде пайдалану жөніндегі жобаның тұсаукесерін өткізді, деп жазады  Egemen.kz.

Алматы • 23 Қазан, 2025

Онлайн және оффлайн сауда саласындағы бизнес өкілдері бас қосты

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Алматы қаласының онлайн және оффлайн сауда саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауданың өзекті мәселелері, сондай-ақ Republic Day акциясына дайындыққа қатысты мәселелер талқыланды. Маңызды тақырыптардың бірі қосарлы баға мәселесіне тарқатылды, деп жазады Egemen.kz.

ЖОЛДАУ • 23 Қазан, 2025

Банк секторы бәсекелестікке дайын ба?

2025 жылдың соңына дейін қабылдануға тиіс «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңның нүктесі қойылар күн жақын. Жаңа құжатты қаржы жүйесінің барлық архитектурасын жаңартудағы маңызды қадам деп сипаттауға болады. Бұл Президенттің Жолдауда жүктеген цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні пайдалану туралы міндеттерімен тікелей байланысты.

Аймақтар • 22 Қазан, 2025

Алматыдағы №4 кітапханаға Мұхтар Әуезовтің есімі берілді

Салтанатты рәсім қалалық әкімдік пен Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Парламент • 20 Қазан, 2025

Мәжілісте салалық банктер құру мәселесі көтерілді

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева жұмыс тобы Қазақстанда салалық банктерді құруға салынған тыйымды алып тастауды талқылап жатқанын хабарлады. Бұл мәселе осыған дейін талай рет үкіметтің қытығына тисе    депутаттар бастамадан бас тартпайтынға ұқсайды. Өйткені мұндай институт дамыған елдерде, ТМД мемлекеттерінде де бар. Қазақстандық шенеуніктер алған бетінен қайтпай, қырсығып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Бизнес • 16 Қазан, 2025

«Дамумен» ырысын еселеген кәсіпкерлер

Биылғы  маусым айында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл құрал пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына тиімді балама болмақ және кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Шарттары да  ыңғайлы. Мерзімі 10 жылға дейін. Осы уақыт ішінде 12,6%-дық мөлшерлеме өзгермейді. Алматы қаласында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері жалпы несие сомасы 56.6 млрд теңге болатын 114 жоба қолдау алды. Жақында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы арқылы бизнесін алға жылжытып отырған Алматы іргесіндегі зауыттардың жұмысымен таныстық, көрдік. Тек «Өрлеу» ғана емес, «Даму» қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің бизнес-кейстерімен таныстық.   

Экономика • 15 Қазан, 2025

KASE цифрлық қаржы құралдарын енгізуді аяқтап қалды

Қазақстандық қор биржасы цифрлық қаржы құралдарын енгізуді пысықтап жатыр. KASE басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов бүгін қор нарығы платформасында журналистермен кездескенде Ұлттық банк ҚНДРА-мен және нарықтың кәсіби қатысушыларымен бірлесіп, нақ осы инфрақұрылымды сипаттайтын АМО туралы заңға өзгерістер енгізуді аяқтап калды, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 14 Қазан, 2025

Базалық мөлшерлеме: себеп пен салдар

Базалық мөлшерлеменің 18%-ға көтерілгенін мәлімдеген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция төмендемесе, бас банк қараша айында ақша-несие саясатын одан әрі қатайтуды қарастыруы мүмкін екенін айтты.

Қазақстан • 13 Қазан, 2025

Инвесторларға еурооблигацияларды орналастыруға қатысу енді оңайырақ болады

Қазақстан қор биржасы еуробондтар облигациялар бойынша есеп айырысудың жаңа тетігін іске қосты, бұл сатып алуға өтінім берген сәтте инвесторлардың қаражатын бұғаттамай-ақ, KASE алаңында бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуына мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.

Тарих • 13 Қазан, 2025

Индустрияның үнсіз самурайлары: Қазақ жерінде еңбек еткен 59 мың жапон туралы не білеміз

«Самурай қолының жылуы» кітабы мен деректі фильмінің авторы  Бақтыбай Жұмаділдиннің бастамасымен Президент жанындағы Ұлттық ғылым академияда «1945-1950 жылдары Қазақстанды индустрияландыруға интернацияланған жапондардың үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.