Экономика • 03 Шілде, 2023
Халқын ойлаған ел ғана өркендейді
Жуырда Астанада Қытайдың Ганьсу провинциясы кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы және тағы басқа тауарларының көрмесі өтті. Онда негізінен кепкен жеміс-жидектер қойылды. Көрме Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай еліне жасаған нәтижелі сапарын негізге алып ұйымдастырылды.
Экономика • 27 Маусым, 2023
Халықтың күні әлі де көмірге қарап тұр
Жасыл экономика мен жаңғырмалы энергия туралы жиі айтқанымызбен, еліміздің энергетика саласы әлі де қатты отынға тәуелді екені белгілі. Жақында Астанада өткен Қазақстан көмір өнеркәсібінің IV форумы саладағы бірқатар қордаланған мәселеге назар аудартты.
Энергетика • 16 Маусым, 2023
Жаңғырмалы энергия – ел дамуының маңызды тетігі
Жуырда Ақмола облысының Бурабай ауданында «Qazaq green fest» жаңғырмалы энергия көздері фестивалі болды. Оған еліміздегі ғана емес, әлемдегі жасыл экономикаға ұмтылған мемлекеттік және көптеген қоғамдық ұйымның білікті мамандары қатысты. Игі шараға жиналғандар адамзаттың алдағы тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаны қорғаудың түрлі амал-тәсілдері, жасыл экономиканы тездетудің тиімді жолдары туралы ойын ортаға салды.
Энергетика • 07 Маусым, 2023
Экономикалық дамудың басты тетігі – энергетика
Ертең елордада күллі әлемнің назары ауған «Астана халықаралық форумы» басталады. Оған бірқатар елден мәртебелі қонақтар да келді. Дүниеге танымал форумда қаралатын көп мәселенің бірі – энергетика. Құрлықтың қақ ортасындағы Қазақстанның бұл мәселеде де өзіндік айтары бар...
Ауыл • 31 Мамыр, 2023
Қазір ауыл десең, әр қазақтың бір айтары бар. Мемлекет басшысы да ауыл шаруашылығын көтеріп, көсегесін көгертпей ел экономикасы ешқашан еңсе тіктеп, оңалмайтынына Үкіметтің назарын аударды. Нәтиже жоқ емес, ауылды дамыту тұжырымдамасы жасалып, бағдарламалар іске қосылды. Бірақ «әттеген-ай!» деп сан соғатын тұстары да баршылық. Мәселен, бақандай 2 795 ауыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енбей қалған. Бұл қазақ елінің өзегіне түскен алапат өрт іспетті. Себебін төменде тарқатып көрелік.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2023
Көлік-логистика саласындағы ізденістер
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет үйінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте байтақ даламыздан өтетін халықаралық дәліздерге аса мән бергені мәлім. Еліміздің Батыс пен Шығыс елдерінің арасына географиялық жағынан өте қолайлы орналасуын есепке алсақ, сала бойынша Президент тапсырмаларын артығымен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Инфляция • 09 Сәуір, 2023
Инфляцияның бәсеңдеу үрдісі: өткен айда жеті түрлі азық-түлік өнімі арзандады
Өткен наурыз айының төрт аптасында әлеуметтік маңызы аса жоғары жеті бірдей азық-түлік өнімдерінің бағасы кәдімгідей төмендепті. Атап айтқанда, пияз ай басынан санағанда 2,5 пайызға, картоп 1,1 пайызға, сәбіз 0,1 пайызға, сондай-ақ қарақұмық 4,1 пайызға, қант 1,9 пайызға, күнбағыс майы 1,2 және тауық еті 0,4 пайызға арзандаған.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2023
Бұдан бір ғасыр бұрын Анадолыдағы түрік елінің кемел реформаторы Мұстафа Кемал Ататүрік министрлердің басын қосқан бір жиында «Әйел теңдігін, әйел еркіндігін айтып жүрміз, ендеше түрік әйелдері де ерлерімен қатар кәсіп меңгерсін. Тым болмағанда шағын немесе орта бизнеспен шұғылдансын» деген мағынада тамызықты отқа отын болар ой тастапты. Бұл ізгілікті ойды амалға асыру үшін үкіметке екі-үш айдың мерзімін кесіп беріп, шараны өз бақылауына алатынын нықтап шегелепті.