Өндіріс • Бүгін, 08:10
Елордадағы №1 индустриялық парктегі ірі тігін кешеніне кірген бойда қызу еңбектің лебі сезіледі. Тігін машиналарының бір сәтке де толастамайтын үні өндірістің қарқынын аңғартады. «ASTANA Ютария ltd» өндірістік-инновациялық компаниясының ұжымы мұнда нысанды киім тігіп, отандық өнім көлемін арттыруға үлес қосып келеді. Цехтағы ісмер қыз-келіншектердің ширақ қимылы мен ұқыпты жұмысы көз сүйсіндіреді.
Қоғам • Бүгін, 07:50
Ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы бес кітап жарық көрді. Еңбектерді даярлаған – белгілі журналист Ескендір Ертай. Жинақтың таныстырылымы ақынның 90 жылдығына арналған халықаралық форум аясында өтті.
Саясат • 12 Маусым, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов 16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысты. Конгреске әлемнің 16 елінен 1,5 мыңнан аса делегат қатысты, олардың қатарында Бельгия, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ елдері, Канада, Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Франция, Швеция және Оңтүстік Корея бар.
Өндіріс • 11 Маусым, 2026
Құрылыстың қажетін өтейтін кәсіпорын
Елорданың Индустриялық паркінде орналасқан «Uniton» зауыты құрылыс индустриясындағы сұранысы жоғары өнімнің бірі – газоблок өндіруді жолға қойған. Заманауи технологияға сүйенген кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, сапалы өнім шығару, кадр даярлау мен импортты алмастыру бағытында да нақты нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Экономика • 06 Маусым, 2026
Нарыққа шығудың бүгінгі мүмкіндіктері
Экономиканы әртараптандыру туралы әңгіме айтылғанда көбіне жаңа зауыттар, өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар сөз болады. Алайда кез келген өнімнің сыртқы нарыққа шығуы өндірістен басталып қана қоймайды. Экспорттаушыны қаржыландыру, тәуекелдерді сақтандыру мен шетелдік серіктестермен есеп айырысудың сенімді жүйесі де маңызды. Осы бағыттағы жаңа шешімдер отандық кәсіпорындардың сыртқы нарықтағы мүмкіндігін кеңейтуге жол ашпақшы.
Экономика • 05 Маусым, 2026
Жол сапасына – экологиялық қағидат
Әлемдік тәжірибеде жол құрылысына экологиялық талаптар күшейіп, қалдықсыз технологиялар кең қолданыла бастады. Біздің ел де бұл бағыттан шет қалмай, жол саласына «жасыл» инновацияларды енгізуге нақты қадамдар жасап келеді.
Елорда • 03 Маусым, 2026
Елорданы еңселендірген экономикалық аймақ дамудың жауапты кезеңіне қадам басты
Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтар арасындағы көшбасшысы – елордалық «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы. Бұл аймақ елдегі барлық арнайы экономикалық аймақтар өндірісінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр.
Экономика • 02 Маусым, 2026
Атом қуаты: Энергетикалық белеске сенімді қадам
Еліміздегі алғашқы атом электр стансасының құрылысы 2027 жылы басталатын болды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов мәлімдеді. Ал стансаны іске қосу 2030 жылдардың ортасына қарай жоспарланып отыр. Екі энергоблок кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Бұл – мемлекетті тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Елорда • 12 Мамыр, 2026
Берн одағы: Астана халықаралық қаржы форумының орталығына айналды
Астанада экспорт несиелері мен инвестицияларды сақтандырушылардың ең ірі халықаралық бірлестігі саналатын Берн одағының көктемгі отырысы өтіп жатыр. Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылған ауқымды форум Қазақстанның халықаралық қаржы кеңістігіндегі рөлін тағы бір мәрте айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Сәуір, 2026
Орталық Азиядағы өңіраралық ықпалдастық: Жаңа қаржылық тетіктердің мәні
Астана мен Ташкент арасындағы экономикалық байланыс жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Экспортты қолдау құралдарының кеңеюі Орталық Азиядағы ықпалдастыққа тың серпін бермекші, деп жазады Egemen.kz.