Экономика • 16 Қазан, 2025
Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам экологиялық білім беруде бірігеді
Таяуда елордада Азаматтық форум өтті. Ілкімді іс-шара аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan компаниясы мен ««Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы» ЗТБ арасында «ReStart» бірлескен жобасын іске асыру жөніндегі жоспарға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 16 Қазан, 2025
Есірткіге қарсы күрес жүйеленеді
Премьер-министр Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.
Саясат • 16 Қазан, 2025
«Қазақстан – америкалық бизнес үшін тартымды ел
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда АҚШ Сауда палатасы жанындағы Қазақстан – Америка іскерлік кеңесінің (USKZBC) дөңгелек үстелі шеңберінде америкалық бизнеске еліміздің инвестициялық-экономикалық әлеуетін таныстырды. Іс-шара Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы жиналысы қарсаңында өткізіліп отыр.
Өндіріс • 15 Қазан, 2025
Сүт өндірісінің жаңа көшбасшысы пайда болады
Петропавлда орналасқан Eurasian Milk зауыты толық қуатына шығуға дайын. Барлық бөлімшесі мен қызметі іске қосылғаннан кейін, бұл кәсіпорын елдегі сүт өңдеу саласындағы ең ірі әрі ең жоғары технологиялы зауыт болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қазан, 2025
Олжас Бектенов: Халық табысын арттыруда сапаға көшу маңызды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Жиында О.Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыруда саннан сапаға көшуді тапсырғанын атап өтті.
Саясат • 11 Қазан, 2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин РҒА вице-президенті, РҒА төрағасы академик Валентин Пармон бастаған Ресей Ғылым академиясының (РҒА СБ) Сібір бөлімшесінің делегациясымен кездесті.
ЖОЛДАУ • 08 Қазан, 2025
Транзиттік бағыттарды әртараптандыру – уақыт талабы
Қазіргі геосаяси жағдайда елдегі транзиттік бағыттарды әртараптандыру шарасы аса маңызды болып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауда осы мәселеге айрықша көңіл бөліп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға әлі де зор мүмкіндік бар деп мәлімдеді. Айтуынша, былтыр ел аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннадан асқан. Әрине, мұндай жоғары жүктеме жағдайында жаңа бағыттарды ашудың да қажеттілігі арта түседі.
Энергетика • 02 Қазан, 2025
Радиоактивті материалдарды тасымалдау тәртібі өзгереді
Еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Мәжіліске «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын қарастыруға ұсынды. Келісімге Үкімет 2020 жылғы 6 қарашада өткен ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысы аясында қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025
Еліміз бір атом электр стансасын салумен шектелгісі келмейді. Мұндай ұстанымды Мемлекет басшысы жеткізді. Айтуынша, Алматы облысында іргетасы қаланып жатқан жалғыз АЭС экономикалық тұрақты өсімге қол жеткізу жолында аздық етеді. Сондықтан екінші, тіпті үшінші атом электр стансаларының құрылысын жоспарлауға кіріскеніміз жөн деген еді Президент. Расында, жыл санап ядролық энергетикаға деген сұраныс еселеп өсіп келеді. Жаһандық үрдіске ілесу – уақыт талабы. Қазір ядролық технологияны пайдаланбайтын сала жоқтың қасы. Бұл – жартылай өткізгіштер өндірісі мен қауіпсіздік және бақылау жүйелері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, металлургия, ғарыш пен косметика өнеркәсібі. Осы орайда саладағы отандық ғылыми және өндірістік жетістіктердің бір парасын айтып өткен жөн.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2025
Өндіруші мен тұтынушы қайткенде ұтылмайды?
Еліміздегі көп өңірде диқандар өнімін делдалға өткізуге мәжбүр. Себебі тікелей сауда желілеріне шығуға логистика, қойма, тасымал мен маркетинг шығыны қажет. Өнімді ұзақ сақтайтын заманауи қоймалар да жетіспейді. Оған қоса, базарлардағы орын ақысы мен сауда ұйымдастыру құны тым жоғары. Сонда тығырықтан шығар жол қайсы?