Шаруашылық • 16 Қыркүйек, 2025
Жаңа реформа: қаржыдан агроөнеркәсіпке дейін
Еліміз алдағы жылдары экономиканы әртараптандыру мен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған ауқымды реформаны қолға алмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қыркүйек, 2025
Үкімет Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шара жоспарының жобасы қаралды. Сондай-ақ жол қозғалысы мен жаяу жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шықты.
Экономика • 12 Қыркүйек, 2025
Арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі
Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында құрылған Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) ел дамуының маңызды тетігіне айналды. Десе де, инвестициялық климатты әлі де жақсарта түсіп, өнеркәсіпті әртараптандыруды жеделдету қажет. Сонда АЭА-лар мүмкіндігі де еселеп өспек. Мемлекет басшысы Жолдауда «Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес», деді.
Үкімет • 11 Қыркүйек, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктелді. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2025
Барлық іс-әрекет елдің әл-ауқатын арттыруға тиіс
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Сұхбат • 10 Қыркүйек, 2025
Әлеуеті мол агроөнеркәсіпті өркендету міндеті
Алдағы уақытта елімізде жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайту көзделіп отыр. Бұл мақсатқа егін алқаптарын әртараптандыру, суды көп қажет ететін әрі монодақылдарды қысқарту, жоғары рентабельді дақылдар көлемін арттыру, отандық тұқыммен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, сондай-ақ техниканы жаңарту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл туралы бізге берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты.
Шаруашылық • 09 Қыркүйек, 2025
Жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды
Ақтөбе өңірінде фермерлер мен ауыл тұрғындары арасында алғашқы рет цифрлық форматта сауалнама жүргізілді. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Шара болашақ кооперативті талқылау жобасының басты сәтінің біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2025
АЭС атауы жөніндегі байқау комиссиясының құрамы мен ережесі бекіді
Өткен аптаның жұмасында еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Алматы облысы Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр стансасына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс өткізу мәселелерін қараған жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 06 Қыркүйек, 2025
Қазақ мұнайының тарихы Қарашүңгілден басталады. ХІХ ғасырдың соңында осынау өлкеден табылған бір тамшы мұнай бүгінде ел экономикасының басты қозғаушы күшіне айналып отыр. Қыркүйектің алғашқы жексенбісі – осы салада еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2025
Агроөнеркәсіп: қайта өңделген өнім үлесі
Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Үкімет Жолдауда айтылған тапсырманы орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді тереңдетуді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Агроөнеркәсіп кешені тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Биылғы қаңтар-шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жеткен. Өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.