Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
477 материал табылды

Туризм • 07 Тамыз, 2025

Туризмді дамытатын жоспар

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Үкімет • 07 Тамыз, 2025

Медициналық мекемелер салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында елімізде заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмысы жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді.

Технология • 06 Тамыз, 2025

Атом электр стансасы жөнінде анық сөз

АЭС жобасы аясында реактор технологияcын жеткізушіні (вендорды) айқындауға ашық әрі бәсекелі диалог қолданылды. Әлемдегі жетекші реактор өндіруші компания басшыларымен келіссөз жүргізіліп, өндірістік нысандарға іс-сапар жасалды. Нәтижесінде ықтимал вендор шорт-тізіміне «Росатом», «China National Nuclear Corporation», «Électricité de France» және «Korea Hydro & Nuclear Power» кірді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Тамыз, 2025

Жаңғыртуға 2,5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында инфрақұрылым жүйелі түрде жаңғыртылып жатыр. Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желісін жаңғырту жұмысын аяқтауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңге бөлінді.

Қоғам • 06 Тамыз, 2025

«Қазсушар» 524 арнайы техника алды

Су ресурстары және ирригация министрлігі барлық өңірде «Қазсушар» РМК филиалдарын арнайы жаңа техникалармен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдыққа қол жеткізді.

Үкімет • 06 Тамыз, 2025

Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау мен дамыту болашағы қаралды. Сондай-ақ ана мен бала өлімін азайту мәселесі де күн тәртібіне шықты.

Бизнес • 02 Тамыз, 2025

Жеңіл өнеркәсіпке жеңілдік керек

Отандық жеңіл өнеркәсіп өкілдері мемлекеттік жеңілдіктерді көре алмай отырғанын айтып шағынады. Мәселен, «ҚазСПО-N» ЖШС екі брендпен өнім шығарады: ZIBROO брендімен спорттық киімдер тігеді, «Alerma» сауда белгісімен қыстық күртешелерді нарыққа шығарады. Әрине, негізінен мемлекеттік тапсырыс орындайды. Компания өкілдерінің айтуынша, бірнеше қалада сауда желілері жұмыс істеп тұр. Әйткенмен, бәсекелестік өте жоғары. Саладағы көлеңкелі бизнес пен сапасы төмен импорттық арзан тауарлар нарықты «жаулап» алған.

Мәселе • 23 Шілде, 2025

Шахтадағы апатты азайтудың амалы

Ұлытаудағы «Жомарт» кенішінде биыл болған апат елдегі тау-кен саласындағы қауіпсіздік мәдениеті мен бақылау жүйелерінің сын көтер­мей­тінін тағы бір мәрте айғақтады. Сарапшылардың айтуын­ша, көптеген шахта мен кеніште желдету жүйелері ескірген; газ және өрт дабыл қон­дыр­ғылары жеткіліксіз; қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту формальды түрде өтеді; бақылау мен алдын алу тетіктері әлсіз.

Технология • 23 Шілде, 2025

Қытай сағатына 600 км жылдамдықпен жүретін пойыз жасап жатыр

Аспан асты елінің астанасы Бейжіңде CRRC компаниясы MODERN RAILWAYS 2025 көрмесінде 600 км/сағ дейінгі жылдамдықпен жүретін маглев пойызын көпшіліктің назарына ұсынды. Сөйтіп, болашақтағы жоғары жылдамдықты тасымалдарға инновациялық шешімдерді көрсетіп, таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Бизнес • 19 Шілде, 2025

Кәсіпкердің өрісі кеңи береді

Бүгінде бизнесті мемлекеттік қолдаудың талап етілетін бірнеше түрі бар. Солардың бірі – кешенді бағдарлама шеңберінде іске асатын бизнестің жол картасы мен қарапайым заттар экономикасы. Қазір жол картасы негізінде дайындалған бағдарламаның арқасында кәсіпкердің тұсауы ағытылып, өрісі кеңи түсті.