
Сұхбат • 26 Желтоқсан, 2024
Жақып Хайрушев: Жылу желілерінің тозуы жоғары деңгейде қалып отыр
Еліміздің жылыту жүйесінде тәуекел көп. Сондықтан қар еріп, көктем лебі сезілгенше алаң көңіл басылмайды. Осы орайда энергетик, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Жақып Хайрушевпен сұхбат құрдық. Маманның айтуынша, қазіргі уақытта өңірлердегі электр стансаларындағы жөндеу кестесіне сәйкес 9 энергоблокта, 53 қазандықта, 40 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Соңғы уақытта 1 энергоблок, 2 қазандық пен 5 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024
Бурабайға жылдам жеткізетін пойыз
Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана – Бурабай бағытында қатынайтын жаңа туристік электр пойызы жолға шықты. Елімізде құрастырылған пойыз екі аралықты 2 сағат 26 минутта жүріп өтеді.
Кәсіпкер • 24 Желтоқсан, 2024
Табыстың көзін тапқан кәсіпкер
«Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын» 2006 жылы тәмамдаған Мәдина Өскенбаева Алматыдан 40 шақырым жердегі Талғар ауданында шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Екі гектар жерде 9 ешкі бағып, оның сүтінен ірімшік өндіреді. Отбасының айлық табысы 1,2 млн теңге шамасында.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2024
Елорда экономикасында елеулі өсім бар
Елорда табысы алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгеге жетіп, 20,4%-ға ұлғайды. Оның 70%-дан астамы жеке инвестиция есебінен. Құрылыс секторының қарқыны 870 млрд теңгеден асып, 11 айда 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға көп. Жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 4 млн шаршы метрге артты.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2024
Басты міндет – заман талабына сай болу
БҰҰ дерегіне сүйенсек, еліміз цифрландыру саласында 193 мемлекет арасында 24-орында келеді, ал онлайн-қызметтер индексінде 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, бүгінде интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. Бұл, әлбетте, бір күнде бола салған жетістік емес, жылдар бойғы жүйелі жұмыстың нәтижесі екені анық.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2024
Шикізаттық емес сектордың үлесі артты
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Отырыста елдегі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі де талқыланды.
Маман • 12 Желтоқсан, 2024
«Елге ел қосылса – құт» дейді халық даналығы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бауыржан Әлиев – 2008 жылы атажұртқа сағынышпен оралған қандастың бірі. Атпал азаматтың адал еңбегінің арқасында бүгінгі жеткен жетістігі кімге де болса үлгі.
Көрме • 11 Желтоқсан, 2024
«ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Kaztraffic-2024» көрмесі өтті. Оған АҚШ, Еуроодақ, Ресей, Қытай, Өзбекстан және басқа елдердің 100-ден астам жетекші компаниясы қатысып, соңғы үлгідегі жетістіктерін ұсынды.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2024
Трансшекаралық хабтар құру ерекше маңызға ие
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды. Сондай-ақ отырыста құрылыс саласын дамыту мәселелері де күн тәртібінде болды.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2024
Таза энергия көзіне арналған көрме
Тұрақты әрі үздіксіз қуат көзі бәрімізге керек. Оның үстіне энергия – экономиканың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан энергия тақырыбы ешқашан күн тәртібінен түспейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та үнемі назар аударып отырады.