
Үкімет • 06 Мамыр, 2025
Стратегиялық саланы дамыту мүмкіндігі
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай химиясы саласын дамыту мәселесі қаралды. Онда тиісті ведомство басшылары мен ұлттық компания жетекшілері саладағы жетістіктер мен кемшіліктерді ортаға салды.
Логистика • 02 Мамыр, 2025
Жол сапасын арттыратын жаңа технология жасалды
Атырау облысындағы «Мұқыр – Құлсары» автожолының бір бөлігінде топырақты тұрақтандыратын «QSmart-S» қоспасын қолдану басталды. Құм бөлшектерін тұрақты әрі тығыз шөгінді құрылымға айналдыратын жаңа «QSmart-K» катализаторы жерасты суларымен құмның шайылып кетуіне жол бермейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 30 Сәуір, 2025
Металлургия – экономика тірегі
Бұған дейін металл сынықтарын жинаумен айналысатын жеке тұлғалардың кірісіне 85% салық жеңілдігі берілген болса, енді аталған норма күшін жойған. Таяуда «Түсті металл және металл қалдықтарын жинаушылар қауымдастығы» Ұлттық экономика министрлігі мен Мәжіліске хат жолдап, мәселенің жай-жапсарын түсіндіруді сұрады.
Үкімет • 30 Сәуір, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды. Сондай-ақ құрылыс саласын цифрландыру мен қала құрылысы кадастры мәселесі талқыланды.
Көрме • 29 Сәуір, 2025
Жаңа технологияның сан түрі таныстырылды
Елордадағы «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында өнеркәсіп және сумен жабдықтау саласындағы үш бірдей халықаралық көрме өтіп жатыр. Көлемі 10 мың шаршы метрден астам алаңда 22 елден келген машина жасау, металл өңдеу, сумен жабдықтау, өндірісті автоматтандыру мен инженерлік жаңғырту шешімін ұсынған 290-нан астам компания жиналды.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
АҚШ-тағы отандастарды біріктірген тарихи турнир
Өткен жылғы қарашада Америка жерінде тұңғыш рет қазақтар арасында ұйымдастырылған футбол турнирі – Qazaq Unity Cup сәтті өтті. Іс-шара Калифорния штатындағы Ирвайн қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Сәуір, 2025
Маңызды міндеттер іркіліссіз іске асуға тиіс
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Сондай-ақ ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету шарасы да күн тәртібіне шықты.
Энергетика • 18 Сәуір, 2025
Атом саласын дамытудың ұзақ жолы
Еліміз бейбіт атом энергетикасын бұрынғыдан әлдеқайда терең игеруге нақты қадам жасап, игілігіне пайдалануға шешім қабылдады. Негізі қазаққа атом энергетикасы бөтен сала емес. Ақтауда 1973-1999 жылдары әлемдегі алғашқы шапшаң нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторын ойдағыдай пайдаландық. Қазіргі заманауи III+ буынды АЭС отандық ғалым-мамандарға түк те таңсық емес.
Мереке • 16 Сәуір, 2025
Шанхай ынтымақтастық ұйымы мәдени байланыстарды тереңдетуге мүдделі. Өзбекстан астанасы Ташкентте Наурыз мерекесін тойлаған ШЫҰ Қоғамдық дипломатия орталығының өкілдері осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 16 Сәуір, 2025
«Қазақстан темір жолы» роботтармен жабдықталды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында бизнесті трансформациялау орталығының мамандары ETL процестері (деректерді алу, түрлендіру және жүктеу) аясында әртүрлі көздерден ақпаратты автоматтандырылған жинау мен өңдеуді қамтамасыз ететін роботтарды әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.