Экономика • 29 Қаңтар, 2026

Жүйе жетіліп, үдеріс оңтайланды

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңғырту міндетін қойды. Осы тапсырма шеңберінде өткен жылғы қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң қабылданды.

Жүйе жетіліп, үдеріс оңтайланды

Сурет: freepik.com

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл аталған заңға қатысты қабылданған шаралар нарық қатысушыларына да, жалпы жүйе үшін де айтарлықтай нәтиже көрсете бастағанын айтты.

«Бұл заң сатып алу рәсімдерін жедел­дету, сатып алынатын тауар­лардың, жұмыстар мен көр­се­ті­летін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ сатып алу үдерістерін одан әрі авто­маттандыру бағытында ма­ңыз­­ды бетбұрыс болды», деген ол, реформаның басты эле­менті – рейтингтік-балдық жүйе қол­да­­ны­латын конкурстық рәсім, онда шешімдер адам қатысуын­сыз, автоматты түрде, ЖИ элемент­­­терін пайдалану арқылы қа­был­­­данатынын айтты.

«Қорытынды бес күннен кейін шығарылады. Рейтингтік-балдық жүйенің негізгі критерийлері жұмыс тәжірибесі, компанияның қар­жылық тұрақтылық көрсет­кіші, белгілі бір әкімшілік-аумақ­тық бірлікке тиесілігі мен т.б. Салыстыра айтсақ, бұл заң қабылданғанға дейін конкурстық рәсімдер кемінде 60 күнге созылса, рейтингтік-балдық жүйе енгізілгеннен кейін бұл рәсімдер орта есеппен 5 күнде аяқталады. Рей­тингтік-балдық жүйе қол­даныл­маған жағдайда, әдеттегі конкурс­тар 10 жұмыс күніне дейін созылады», деді Д.Кеңбейіл.

Осылайша, вице-министр атап өткендей, жаңа заң бір­қатар бюрократиялық рәсім­де­р­ді жоюға, сатып алуларды жеңіл­детуге әрі мерзімдерді едәуір қысқартуға мүмкіндік берген. Бұған қоса реформа отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыт­талды. Заңда отандық ком­панияларды қамтамасыз ету­дің барлық түрінен босату, айып­пұл санкцияларын азайту, тауар жеткізудің ең минималды мер­зімін 15 күннен 60 күнтізбелік күнге дейін ұзарту, сондай-ақ төлем мерзімін 30 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң отандық компанияларға маңызды преференцияларды бекітті. Соның арқасында отандық өндірушілерге келісімшарттар жасасу кезінде басымдық беру құқығы, шарт сомасының 50% көле­мінде міндетті аванс төлеу, сондай-ақ банктік кепіл­діктер ұсынудан босату мен айыппұл санкциялары жөнін­де жеңілдетілген талаптар қарас­тырылған.

«Бұл шаралар отандық тауар өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған. Аталған шаралар өткен жылдың қорытындысы бо­йынша отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар санын едәуір арттыруға әрі отандық өндіру­­шілермен жасалған ке­лісім­­шарттың жалпы сомасын ұлғай­туға мүмкіндік берді», деп түсіндірді вице-министр.

Қаржы министрлігінің дерек­те­ріне сәйкес, былтыр отандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 2024 жылмен салыстырғанда 23%-ға өсіп, 460 млрд теңгеге жеткен. Мұндай өсім мақсатты мем­ле­кет­тік қолдаудың жергілікті өнімге деген сұранысын ынталандырып, отан­дық компанияларға тапсырыс көлемін тікелей арттырып отыр­ғанын айқын көрсетеді.

«Реформа мемлекеттік сатып алу саласындағы адал емес қа­ты­су­­шыларға қосарланған тос­­қауыл қалыптастырды. Бір жағы­нан, жалған мәлімет ұсыну мүм­кіндігі күрделене түсті, екінші жағынан, бұған дейін заң­бұзу­шы­лыққа жол берген тұлға­лар­ға тұрақты қаржылық жауап­кер­шілік енгізілді. Осылай­ша, мем­ле­кеттік сатып алуға жауапты қаты­су мәдениеті қалыптасып, онда іскерлік бедел мен адалдық мемлекет­тік сатып алуға қатысу­дың негізгі факторына айналып жатыр», деді Д.Кеңбейіл.

Сенімді арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алуға қоғам­дық мониторинг енгізіліп, бар­лық рәсім жаңа Бірыңғай сатып алу платформасына шоғыр­лан­дырылды. Шағымдану тәр­тібі жеңілдетілді, осы ретте шағым беру сатып алу үдерісін тоқтат­пайды. Бұл шаралар шағым­дар­дың жалпы санын 23%-ға қыс­қартуға мүмкіндік берді. Мем­ле­кеттік сатып алулар жүйесін жетіл­діру жұмысы жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар