Атап айтқанда, №9/10 «Астана – Алматы», №85/86 «Астана – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойыздары мен №6803/6804 «Астана – Атбасар», №7502/7501 «Астана – Павлодар», №7507/7508 «Астана – Көкшетау» электр пойыздары арнайы тақырыптық безендірумен жолға шықты.

Бұл бастама Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандардың рухына тағзым етуге арналады. Пойыз вагондарына қазақ халқының батыр перзенттері — Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Нүркен Әбдіров, Төлеуғали Әбдібеков, Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтің портреттері орналастырылды.
Мерекелік пойыздармен сапарға шыққан жолаушылар ерекше безендірілген вагондарға қызығушылық танытып, естелік суретке түсіп жатты. Ұлттық тасымалдаушы мемлекеттік және ұлттық мерекелер қарсаңында осындай мазмұнды жобаларды дәстүрлі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл игі бастама тарихи сананы жаңғыртып қана қоймай, жолаушыларға жол үстінде ерекше әсер сыйлайды.
ҚТЖ мерекелік демалыстарға қатысты үндеу жасады: Пойыз кестесі өзгере ме?
Тақырыптық безендірілген пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынайды. Осы уақыт ішінде елорда тұрғындары мен қонақтары сапар барысында батырлар ерлігіне құрмет білдіріп, тарихпен рухани үндесе алады.