Қоғам • Бүгін, 16:32

Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Халық Республикасының Хэбэй өлкесіндегі Чжанцзякоу қаласына қарасты Чжанбэй уезінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 81 жылдығына орай кеңес және моңғол жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті

Қазақстан атынан бұл іс-шараға Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Марат Құсайынов бастаған делегация қатысты.

Салтанатты рәсімге Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің дипломатиялық миссия басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының, Чжанцзякоу қаласы мен Чжанбэй уезінің халық үкіметтерінің басшылығы қатысты.

Еске алу шарасына қатысушылар бір минут үнсіздікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды.

Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Жауынгерлер қаза тапқан жерге ескерткіш алғаш рет 1945 жылы орнатылып, 1957 жылы мемориал ашылды. Обелискке 53 кеңестік және 13 моңғол әскери қызметшінің есімі жазылған.

Оның ішінде ресми мәліметтерге сәйкес, бұл мемориалдық кешенде Қазақ КСР аумағынан шақырылған немесе сол жердің тумасы саналатын 21 жауынгердің есімі анықталған.

Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды

Дипломатиялық миссия өкілдері мемориалдық музейдің тарихи жәдігерлерімен танысқан соң құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

Соңғы жаңалықтар