Қоғам • Бүгін, 14:03

Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарының рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды

Іс-шараға Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһармандары генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетов, Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілер қатысты.

Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды

Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Астанада «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылды

Жеңіс күні Қазақстан азаматтары үшін бейбіт өмірдің бағасын терең сезіндіретін, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, татулық пен ел тыныштығын сақтаудың маңызын еске салатын тарихтағы ең қастерлі күндердің бірі болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар